0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет109/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

88 
 
байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда 
не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын көкке құстай ұшырған, 
суда балықтай жүздірген ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң 
хабар алғызып тұрған да ғылым. Отарба, откемелерді жүргізген ғылым” деп 
өнер мен ғылымның жасампаздық күшін паш ете келеді де, қазақтың басқа 
жұртқа жем болуының, теңдіктен құр алақан қалуының басты себебін 
А.Байтұрсынов оқусыз надан қалуынан деп санайды. 
Сондай-ақ, өзінің 1913 жылы “Қазақ” газетінде жарияланған “Қазақша оқу 
жайынан” атты мақаласында “Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін 
түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та 
оқумен түзеледі… қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде 
оқу-біліммен түзеледі” – дейді. Оқудың қоғамды өзгертуші күш екенін, 
жауыздық пен надандық атаулының бәрі білімсіздіктен, надандықтан 
туындап отырғанын тап басып тура айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет