0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет138/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

110 
 
жылдар), Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы 
жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп жаңа заман үшін күреске 
кіреді. 
Арман ақталмайды. Кеңес өкіметі патшаның отаршылық саясатын 
жалғастырады. Алаш зиялылары қуғынға түседі. Осылайша большевизм 
қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір 
ұсталып, абақтыға қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, 1936 
жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы 
атылды. Ұлы жүректің ауыр тағдыры осындай, ал толық өмірбаянын жазу 
үшін көптеген архив деректері, замандас естеліктері, тарихи материалдарға 
сүйену қажет. Қазіргі қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған 
“Жизнеописание” (1929, 8 наурыз), “Биография” (1929, 21 тамыз) деген 
материалдар айрықша бағалы. Бұлар Алматы университеті архивінде 
сақталған. 
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік 
істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана 
емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше. Кезінде 
Ахмет Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. 
А.Смайлович, Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын.
Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, 
әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның 
туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. “Қырғыз (қазақ) 
өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі 
мақала басылды. М.Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық 
очерк)” мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз 
маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда 
А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің 
материалдарын пайдаланғанын көреміз. Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, 
публицист, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік қаны тамған жері, ол 
ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, 
әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарының өзгеруі, сан алуан 
эволюциясы жан-жақты ашылып берілген. Ал екінші мақалада 
А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында ендірген 
жаңалықтарын саралауға арналған. 
Мәскеуде 1929 жылы “Коммунистік академия” баспасынан шыққан 
“Әдебиет энциклопедиясының” 1-томында А.Байтұрсынов: “Аса көрнекті 
қазақ ақыны, журналисі және педагогі... Ол – қазақ тілі емлесінің 
реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін 
салушы” деп бағаланып, негізгі өмірбаяны беріледі, қоғамдық-әлеуметтік 
қызметі айтылады. 
Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ алыс 
өрістерді көруге келгенде жас Мұхтар Әуезов даналығына таң қалмасқа 
болмайды. Алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, Ахмет 
Байтұрсыновтың тарихтағы орнына қатысты дәл бүгінгі күнмен үндес, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет