0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет134/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

106 
 
тұспалдап жеткізеді, кейде ашық дәл айтылатын ойлары да кездеседі. Алуан-
алуан ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», 
«Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Ат пен есек» мысалдарында 
әлеуметтік-қоғамдық 
жағдайларды 
меңзейтін 
оқиғалар, 
адамдар 
психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол 
орын алады. Аудармашы негізгі түп нұсқа мәтініне орайластырып, көркем 
ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын-әуез қосып отырады. 
Ақын аудармаларында сюжет сақталғанмен еркіндік басым, қазақ тұрмысына 
жақын идеялар, заман тынысын таңытатын жаңа ойлар айтылады. «Маса» 
кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, 
негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Екі 
жинақ – «Қырық мысал», «Маса» қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, 
идеялармен, ойлармен өрнектеп байытты. Мысалы «Маса» атты өлеңінде 
ақын санасы уланып, өлім ұйқысында жатқан халықтың санасына маса 
ретінде сәуле шашады.
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, 
Сап-сары аяқтары ұзын маса. 
... Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, 
Қақты жел қанаттары бұзылғанша. 
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!-деп, ол өзінің ағартушылық дәстүрін 
жалғастыру мақсатында орыс ақындарынан да үлгі алды. Солармен бірлесіп, 
солардан тәжірибе жинақтады.
Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық болды. Жаңа 
“әліпбидің” ерекшелігі қазақтың ежелгі ауыз әдебиеті үлгілері, төрт түлік 
туралы өлең-жыр, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз, әңгімелер үзінділерін әр әріпті 
өтуге байланысты орынды пайдалануы және олардың тәлімдік те, танымдық 
та маңызын ескере отырып іріктелуі еді.
А.Байтұрсынұлы: «Мәдениет күшейеді өнер-білім күшімен, өнер-білім 
күшейеді оқумен. Оқу ісі сабақтас әдебиетпен. Оқу әдебиетті күшейтеді, 
әдебиет оқуды күшейтеді. Оқу мен әдебиет бірін бірі қолдап, бірін бірі 
көтермелеп, бірін бірі сүйрейді. Оқусыз әдебиеттің күні жоқ, әдебиетсіз 
оқудың күні жоқ, қазақта оқу да, әдебиет те жаңа ғана көктеп көзге ілінген 
күйде тұр. Оның өсіп, үлкейіп, гүлденуі үшін көп іс, көп күш керек. Сол көп 
істі қолынан келгенше істейтін, сол көп күш шамасынан келгенше сарп 
ететін қазақ қалам қайраткерлері», – дей келе, қазақ қалам қайраткерлерінің 
атқарар міндеттерінің соншалықты жауапты екендігін, ал әдебиеттің қоғам 
мен әлеумет, білім алу үшін, сайып келгенде, мемлекет үшін қаншалықты 
маңызға ие мықты қару екендігін айтады.
«…Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай 
алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз. Өзіміздің елімізді сақтап қалу үшін 
бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек»,- дейді Ахмет Байтұрсынұлы.
А.Байтұрсынұлына М. Әуезов былай баға берген: "Бір басында сан 
салалы өнер тоғысқан, телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет