104 нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату бернелеу,
суреттеп ойлау: көңіл ісі – түю, талғау» – деп, барлық танымдық әрекетке
сипаттама береді. Мұнда ғалым «ақыл ісі аңдау» деп «адамның қоршаған
ортадағы құбылыстар мен заттарды бақылап, түйсік арқылы қабылдап,
сезініп, санасында бейнелеп, елестетіп, ол заттар мен құбылыстарды ұғу» деп
түсіндіреді. Қазақ тіл білімінде кейіннен дамып келе жатқан тілді танымдық
тұрғыдан қарастыратын когнитивтік бағыттың бастауы Ахмет Байтұрсынұлы
еңбектерінде жатыр. Осы баяндамадағы ақынның шығармаларындағы сөз
қолданысы ерекшілігін тереңінен қарастыру осы саланың еншісінде.
Қорыта келе, оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын
игертуде танымдық тұрғыдан автордың сөз қолданысын талдап, сол арқылы
там-тұмдап тіл білімінің жаңа салаларынан теориялық білімдерін молайту
артықтық етпес деген ойдамыз.
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмi
1. Бaйтұpcынoв A. Тiл тaғылымы. Aлмaты: Aнa тiлi 1992. - 448б.
2. Бaйтұpcынoв A. Әдeбиeт тaнытқыш.Aлмaты: Aтaмұpa, 2003. – 208б.
3. Бaйтұpcынoв A. Aқ жoл. Aлмaты: Жaлын, 1991. – 464 б.
4. Оразалиева Э. Танымдық қазақ тілі. Алматы: Мұрагер, 2005. – 176б.