103
(Елге сәлем)
Ақынның «Маса» жинағындағы шығармаларына
ұлттың тағдыры, ұлт
қамы, бостандық,
әлеуметтік-қоғамдық, азаматтық идеялар мен өз
басынан кешкен ауыр күндер, қуғын-сүргін, жоқтық пен қиыншылық арқау
болды
.
Ахмет Байтұрсынұлы төл туындыларында да толғайтын
тақырыбының идеялық түйінін тұжырымдауға да, шумақтарда өз ойына
тұшымды үстеме ету үшін де халықтық паремиологиялық мол қорды тиімді
қолданып отырғанын аңғарамыз.
Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларында
ұлтқа ғана тән когнитивтік
санада қалыптасқан теңеулер де кездесетінін осы тақырып ауқымында айтқан
жөн болады. Когнитивтік зерттеулер аясында мұндай оралымдар ұлттық
теңеулер деп қарастырылып, көп зерттеліп жүр. Ақын шығармаларынан
мысал келтіретін болсақ:
Оларға еркін жүріп оттағандай
, Беріңіз кең
жайылым, шөбі қалың;
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп,
Киіздей шала
басып қарпылмаған
;
Мәз болып байғазы алған балаларша
, Сатылып
жылтыраған танасына;
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп
,
Тығылып
тажалдың бұтханасына. Бұл мысалдардан көріп тұрғанымыздай қолданған
теңеулер жай теңеу емес. Теңеудің
–дай,- дей
, -
ша,-ше
жұрнақтары арқылы
жасалған. Қазақ халқының, ата-бабаларымыздың көшпелі өмірі мал
шаруашылығымен, төрт түлік малмен тығыз байланысты болғаны бәрімізге
белгілі.
Сол себепті, қазаққа ғана тән
қойдың оттауы (жайылуы), қойдың
үркуі, киіз қарпу, байғазы алу
ұғымдарын тірек етіп, оқырман қазақ
қауымына тән сөз бейнелеу тәсілдерін қолдануымен ерекшеленеді. Ұлттық
сипаты бар теңеулерді танымдық тұрғыдан талдап көрсек:
еркін жүріп
оттау
– малдың еркін, шөбі шүйгін кең жайылымда жайылуы.
Киіздей шала
басып қарпылмаған
– киіз басу процесіндегі қарпу
кезеңі киіздің шет-шеті
жиналып тегістеліп, ширауымен, тегістелуімен, көлемі шағындалуымен
сипатталады. Соған орай, бос белбеу жігіттерді қарпу кезеңінен өтпеген,
ширамаған киізге теңейді.
Мәз болып байғазы алған балаларша:
Байғазы -
қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйы.
Үлкендерден жаңа зат, киімге байғазы алған балалар шаттанады. Осы сәттегі
баланың аңғал әрі мәз болған күйіне орай теңеу жасалған.
Қорыққанға қос
көрініп, қойдай үркіп –
әлдебір
нәрседен шошып, үркіп дүркірей қашқан
қойлардың әрекетімен сипаттаған құбылысын теңестіреді.
Бұл теңеулер – көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған,
дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан қолданыстар.
Танымдық теория арқылы тілдегі халықтың болмыс, тіршілігінің,
мәдениетінің, таным-түсінігінің құпия сырлары, ұлттық өмірдің айнасы
анықталады. Адамзат өзін қоршаған дүниедегі
әлем бейнесін қалай таныса,
ұлттың дүниеге деген көзқарасында сол ерекшелік тіл арқылы жарыққа
шығады.
А.Байтұрсынұлы сөз өнерін: «Ақыл ісі – аңдау, яғни, нәрселердің
жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни, ойдағы