49 негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Балаларға арнап «Әліпби», «Тіл
құралы», «Әдебиет танытқыш» тағы басқа оқу құралдарын жазып,қазақ
балаларын оқуға шақырды.Ахмет Байтұрсынов туған халқының ғылым-
білімге ұмтылуын,әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады.
«Адамға тіл,құлақ қандай керек болса,бастауыш мектепте үйренетін
білім де сондай керек»,деп жазды.Бірақ осындай білім беретін ауыл
мектебінің сол кездегі хал-күйі оның қабырғасына қатты батты. Бұл
жөнінде «Осы күнгі ауыл мектебінде оқуға керекті құрал жоқ.Оқыта
білетін мұғалім аз. Сонда да хат білетін қазақтардың проценті
мұжықтардан жоғары.Бұл мектептің халыққа жақындығы,балалардың
«білімді ана тілінен үйренетіндігі...» деп ауылдық қазақ мектептерінің
жайын сөз ете келеді де, «орыс школдарында тәртіп те бар,құрал да
сай,мөлшер жоспар-бәрі де бар.Сонысына қарай пайдасы аз.олардың
пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе:қазақты орысқа аударамыз деген
пікірі бүлдіріп отыр» -деп қазақ даласында патшалық Ресейдің отарлау
саясатының қалай іске асырылып жатқанын ішкерелейді.
А.Байтұрсынов «Қазақ газетінің 1914 жылғы 62-санында «Мектеп
керектері» деген мақаласында «...Ең әуелі мектепке керегі –
білімді,педагогика,методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім.Екінші-
оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы,hәм құралдар қандай
болса,істеген іс те сондай болмақшы.Үшінші-мектепке керегі белгіленген
программа»-деп оқытуға қажетті мәселелерді ғылыми тұрғыда талдап
береді.
Бастауыш мектепте қандай пән оқытылу керектігін де баса тоқталып
айтты,ол
пәндерді:оқу,жазу,дін,ұлт
тілі,ұлт
тарихы,есеп,шаруа-
кәсіп,қолөнері,жағрафия,жаратылыс болуы керек деп саралап
көрсетеді.А.Байтұрсынұлы осы пәндердің оқулықтарын шығаруды қолға
алғанын,алайда арнайы баспахана болмағандықтан,кейбір оқулықтарды
швғару ісіндегі қиындықтарды қынжыла баяндайды.Қазақ арасына білім
нұрын шашуға нағыз қолайлы деп ауыл мектептеріне үлкен үміт артады.
«Оқыту жайынан» атты мақаласында «...оқу жұмысы үш нәрсеге
тіреледі:бірі ақшаға,бірі құралға,бірі мұғалімге.Осы үш тіреуі бірдей тең
болса,оқу қисаңдамайды,ауытқымайды,түзу жүреді» дегенді айтты.Ол осы
пікірін іске асыру жолдында нақтылы еңбек етті.
Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын
«оқу құралын» жазды.Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл
құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді.2-бөлімі 1914
жылы,ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып,1928
жылға дейін әлденеше рет қайта басылып,пайдаланылып келді.Осы
оқулықтарда қазақ грамматикасына қатысты категориялардың
әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды.Күні бүгінге дейін
өолданылып
жүрген
зат
есім,сын
есім,сан
есім,етістік,есімдік,үстеу,шылау,одағай,бастауыш,баяндауыш тағы басқа
сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы Ахмет