50 Байтұрсыновтікі.Ол баларға жылдам хат таныту үшін дыбысты
ажырататын
жаттықтыру
әдіс-тәсілдерін
терең
қарастырды.Сауаттылықтың негізі жазуға жаттықтыру деп қарады.Көркем
жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің жетілдірілген
түрі деген қорытынды жасайды.1920 жылы қазанда «Баяншы» деген
атпенг тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік құрал
шығарды.Онда мұғалімдерге «Әліппені» оқытудың,сауат ашудың
әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.
Ахмет Байтұрсынов оқу жүйесіне де түбегейлі реформа жасады.Өйткені
соған дейінгі оқыту жүйесі таза араб тілінің фонетикалық
ерекшеліктеріне негізделіп,құран сүрелерін жаттауға бағытталған және
жазба тіл араб,парсы,түркі тілдерінің грамматикалық ерекшеліктеріне
сүйенетін.Қарапайым халықтың ұғынуына қиын тиетін бұл оқыту жүйесін
ұлттық,жалыпхалықтық деңгейге көтеріп,»жаңа бағытта» дамытқан
А.Байтұрсынұлы болды.
Ахмет Байтұрсыновтың 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған
«Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында «Біз әуелі елді түзетуді бала
оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.Неге десек,болыстық та,билік
те,халықтық та оқумен түзелді... қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктердің
көбі түзелгенде оқу-біліммен түзеледі»-дейді.Оқудың қоғамды өзгертуші
күш
екенін,жауыздық
пен
надандық
атаулының
бәрі
білімсіздіктен,надандықтан туындап отырғанын тап басып тура айтты.
Қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек екенін
айта отырып,осы пәндердің оқулықтарын шығаруды қолға
алғанын,алайда арнайы баспахана болмағандықтан,кейбір оқулықтарды
шығару ісіндегі қиындықтарды қынжыла баяндайды. «Баланы ұлша
тәрбиелесең-ұл,құлша тәрбиелесең-құл болмақшы» -деп ұлдарымызды құл
болуға емес,нағыз ер азамат болуға тәрбие беруді үндеді. «Білімдіден не
пайда,білгенін көпке айтпаса,үйреткеннен не пайда,қайырымы қайтпаса»
демекші біз яғни ұстаздар қауымы білімді болсақ,жас ұрпаққа береріміз
мол.Мектептегі мұғалім білімді болса,сол мектептегі оқушылар көбірек
білім алады.Алғаш әліппені жазған,құрастырған Ахмет Байтұрсынов
болса,алғаш қазақтың ұстазы да Ахмет атамыз болды.Алғашқы
ұстазымыздың берген білімі бүкіл қазақ еліне осы күнге дейін азық
болып келеді.Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса
мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды.
Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды.Оны жылдар
бойы оқып үйренуіміз керек.Ахмет Байтұрсынұлының
ақын,публицист,ғалым,қоғам қайраткері санатында жасаған барлық
еңбегі, тартқан қорлық азабы,болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы
миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қыфны қалғанша
қалтықсыз қызмет етуге арналған.Ахмет Байтұрсынұлының –еңбегі жанған
жанның бірі.Істеген ісінің жемісі –соңынан келе жатқан жастар.Ахмет
атамыз ашқан мектеп,Ахмет түрлеген ана тілі,Ахмет салған әдебиеттегі