0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет61/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

52 
 
абақтыға қамалып, жер аударылу аяғы ағартушылық жұмысын
ауқымдандырып, "агитация ауданын кеңейтіп"(Әуезов) жібергендей. 
Байтұрсынұлының жазушыға қояр шарты : "Сөзің шырайлы, ажарлы 
болуына ойдың шеберлігі керек; ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық 
керек; мағыналы, маңызды болуына білім керек". Бұл төрт "керектің" бәрі 
Ахметтің өз бойында да түгел бар еді. Сөздің сыртын сырлаумен ғана 
"сылдыраған келісім" табуға кепілдік жоқ. Сондықтан болмысты боямасыз, 
ақиқат қалпында суреттей отырып, жырдың ішкі мазмұнын, ажарын, рухын 
күшейтуде нағыз реформатор ретінде көрінген Ахмет Байтұрсынұлын қазақ 
классикалық әдебиетін, оның көркем тілін негіздеушілердің бірі және 
балалар әдебиетінің ірі тұлғасы ретінде тану әділетті болар. Ахмет 
поэзиясынның бағасын қазақ жұрты бастан кешкен қилы замандар , бүгінгі 
егемен қоғам, ертеңгі келешек тұрғысынан кеңірек бағамдау керек. Ендеше, 
ұлт ұстазының балалар әдебиетіндегі ролі мен шығармаларының 
ерекшелігіне тереңірек тоқталайын. 
Балалар әдебиеті – бағытталған аудиториясы мен айтар ойы өзгеше 
формада берілетін, кейіпкерлерінің де көзқарасы жалпы әдебиетке қарағанда 
бөлектеу келетін арнайы бір сала. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы 
балаларға арналған туындыларды жазарда, оқығанының барлығына сенетін, 
кіршіксіз жүрек иесінің көңілін жығатындай жасанды мағлұмат кездеспеуіне 
аса мән берген. Кез келген нәрсеге сезім көкжиегімен назар салатын 
оқырманға көңілінен шығатындай таза дүние ұсына білген. Ал ересектерге 
еліктеп, барлығына қызығатын жеткіншек жастағы балаларға өмірлік ақыл-
кеңестерді тауып алатындай, өз түйсігімен түсініп, кейіпкер басынан өткен 
қызықты оқиғасынан сабақ алатындай, шиеленісі орташа деңгейдегі 
туындылармен қамтамасыз ете отырып, аз сөзге көп мағына сыйдырды. 
Үлкендерге арналған әдеби шығармаларды оқуға балалардың төзімі де, ойлау 
қабілеті де жете бермейді. Қабылдауға ауыр келіп, ойына күш түсіруі мүмкін. 
Сол себепті, балалардың жағдайына мән бермеу – келешегіміздің қамын 
жемеу болып табылатынын анық түсінді.
Ұлтына, еліне, ғылымға, әдебиетке арымен беріліп, оған адал қызмет 
еткен А. Байтұрсынұлы еңбегінің Қазақ елі тарихында алатын орны айрықша 
зор екенін 26 жастағы замандасы – М.Әуезов былайша тұжырымдапты: 
«Ақаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі 
белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны 
болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр. Бұдан он-он бес 
жыл бұрын: Алаштың үмбетінің бәрі мәлім, Кім қалды таразыға 
тартылмаған, – деп Ақаң айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып 
келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ақаңның ғана ардақты атын 
атаймыз… Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған 
әдебиеттегі елшілдік ұран, «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 
жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат 
жолындағы қажымаған қайраты – біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер 
болатын». Бұдан артық айта алмаспыз. Бұл ұрпақ бірінің қадірін бірі біліп, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет