Метатану
стратегиялары
– білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған басқару
түріндегі әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше жоспарлай білу, мақсат
қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның мониторингін жүргізу қабілеті).
Модельдеу
– 1. Таным объектілерін олардың шартты модельдері негізінде зерттеу.
2. Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың
модельдерін құру және зерделеу. Мұндағы мақсат осы құбылыстарды
түсіну, сондай-ақ зерттеушіні қызықтыратын құбылыстарды болжау.
Модельдеу адамның объектілер туралы білімі мен сол объектілер
арасындағы қарым-қатынасты көрсету үшін қолданылады, оқытудағы
көрнекі құралдардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |