Икт крит руководство для учителя 1 каз indd



Pdf көрінісі
бет167/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   358
Мұғалім 
жүргізетін 
дамыту жұмысы 
(МЖДЖ)
– мектептерде оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі. Бұл үдеріс барысында 
мұғалімдер жекелеп те, бірлесіп те өз тәжірибесін, сондай-ақ өздері жұмыс 
істейтін мектеп тәжірибесін жақсарту мақсатында зерттеу қажет болатын 
мәселелер мен проблемаларды анықтайды. Мұғалім жүргізетін дамыту 
жұмысын зерттеумен шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы 
«мұғалім зерттеуші ретінде» деген ұстанымға емес, «мұғалім оқыту және 
оқу іс-тәжірибесін жетілдірудегі көшбасшы ретінде» деген ұстанымға 
негізделеді.
Өзара білім алуға 
көмектесетін 
диалогтік оқыту
– мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі; 
оқушыларды проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі 
болу; олардың білім алуларын күшейту мақсатында оқу материалын 
дайындау және хабарлаушы әңгіме өткізудің оқу қағидаттарына 
негізделген реттеуші ережелері жүйесі. 


| 89 |
Негізгі функциялары
: репродуктивтік сұрақтар мен арнайы жасалған 
проблемалық жағдаяттардың көмегімен оқу қызметінің жаңа ұғымдары 
мен тәсілдерін ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және 
оқушылардың ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі болу, оларда сөз 
сөйлей білу және өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; 
оларға ұжыммен ойлау қызметінің тәсілдерін үйрету.
Негізгі белгілері
: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде баяндалады, 
онда негізінен оқушыларға белгілі материал бойынша репродуктивтік 
сұрақтар қолданылады. Мұғалім проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар 
проблемалы сұрақтар қоя алады, бірақ бұл жағдайда жаңа ұғымдар мен 
әрекет ету жолдарының мәнін мұғалім түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет