ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
347
2014 жылдың ақпанында теңге бағамының 20 процентке түзетілуінен кей-
ін де төмендей берді. Сондықтан да қазақстандық кәсіпкерлер табанды
түрде ұлттық валютаны құнсыздандыруға шақыра бастады. Олардың тала-
бын ескере отырып, 2015 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі теңге бағамының еркін айналымына көшу туралы шешім қа-
былдады. Бұл шараның қазақстандықтарға тиген зардаптарын
жұмсартуға
жеке тұлғалардың банктегі теңгемен ашылған депозиттеріне өтемақы төлеу
туралы менің Жарлығым мүмкіндік берді – мұны 1,7 миллион адам, яғни са-
лымшылардың 80 проценті пайдаланды. Сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс»
жинақ банкісінің ипотекалық салымшыларына берілетін өтемақы тетігі жа-
салды. Нәтижесінде, теңгенің құнсыздануынан туындаған кері әсер барын-
ша азайтылды, ал тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылады.
2014–2015 жылдардағы дағдарыс жағдайы
нарыққа қатысушылардың
барлығын да өзгерістерге икемделуді: үстеме пайдаға құнықпай,
сапаны
жақсартуды, ұлттық валютаның жайлы бағамына арқа сүйемей, бәсекелес-
тікке бет бұруды үйретті.
2016 жылды ұлттық экономика, соның
ішінде өндірушілер ғана емес,
тұтынушылар да жаңа ахуалда қарсы алды: оның басты көрсеткіші құлды-
раған мұнай бағасы болды. Үрдіс кері бұрылып, мұнай бағасы қайта өседі
деп үміттенудің жөні жоқ. Мемлекет те, қоғам да, әрбір азамат та тек қана
өз күшіне сенуі қажет еді.
Достарыңызбен бөлісу: