ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ
ЖАҢҒЫРУЫ
359
Экономика және еңбек қатынастары саласындағы заңнама отандық
бизнеске қолайлы жағдай тудырды. «Бизнесті жеңіл жүргізу» рейтин-
гінде Қазақстан 189 елдің арасында 41-орынды, ал
еңбек нарығының
тиімділігі бойынша 140 елдің ішінде 18-орынды иеленді. Инвестициялық
белсенділік артты, шетелдік инвесторларға «даңғыл жол» ашылды.
Қазақстандық бірегейліктің беки түсуі де маңызды болды. Қазақстан
халқы Ассамблеясы алғаш рет азаматтық өкілдіктің қоғамдық қызметі, жаңа
әлеуметтік лифт және қайырымдылық қоғамдастығы ретінде жұмыс істей
бастады. ҚХА-да әлеуметтік-тұрмыстық негіздегі дау-жанжалдардың алдын
алуы үшін медиацияның инклюзивті жүйесі құрылды.
Шаралардың арнайы кешені мемлекеттік
институттардың ашықтығын
арттыра түсті, қатаң есеп беру қағидаттарын енгізді. Бүкілхалықтық
бақылаушы органдар ретінде қоғамдық кеңестер құрылды,
мемлекеттік
құрылымдар жетекшілерінің, әкімдердің
және ұлттық жоғары оқу орын-
дары ректорларының атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есеп беруі
міндеттелді. Елді мекендердегі заңды тұлғалардан жерге және көлік құрал-
дарына салық жинау қызметі жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде берілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы «бір терезе» қағидаты бой-
ынша ХҚО базасында жұмысқа кірісуге дайындала бастады.
Осы оң өзгерістер Ұлт жоспары қоғамдық
келісім мен тұрақтылықты
нығайтуға, жаңа жаһандық ахуалда Қазақстан экономикасын дамытуға жұ-
мыс істеуде, бұл бізді жүзжылдықтағы басты мақсатымызға – отыз көш-
басшы елдің қатарынан табылуға жақындатады, біздің қоғамымызды күшті,
лайықты және сенімді етеді деп 2016 жылдың наурызында қорытынды жа-
сауыма негіз болды.
Бес реформаның әрқайсысын жүзеге асыру менің жеке бақылауымда
болады. 2017 жылдың 25 тамызында Жаңғыру бойынша ұлттық комиссия-
ның қызметіне байланысты жиналыс өтті, онда мен Ұлт жоспарының аса
маңызды аспектілеріне назар аударттым және биліктің барлық тармақтары
алдына нақты тапсырмалар қойдым.