ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ
ЖАҢҒЫРУЫ
355
Менің ойымша, Жоғары геосаяси зерттеулер мен аралас ғылымдар
институтының (Италия) президенті Тиберио Грацианидің пікірі де назар
аударуға тұрарлық. Біздің «100 нақты қадам» Жоспарын талдай келе, ол:
«Мұндай реформалар
Қазақстанға ғана қажет емес, бұған сын-қатерге
толы ғасырдағы әлемнің барлық мемлекеттері де мұқтаж», – деді. Оның
ойынша, жаңғырту теориясында түбегейлі реформалардың жарқын үлгісі
пайда болды. «100 қадам» инклюзивті жаңғырту моделі ретінде – жаңғыр-
ту үдерістерінің тәжірибесіндегі Қазақстанның ноу-хауы. Т. Грациани XVIII-
XXI ғасырлардағы маңызды жобаларды еске салды. Осы ретте, Қазақстан
моделінің елдің прогрессивті динамикалық дамуының және ХХІ ғасырдың
тиімді мемлекеттік менеджментінің эталоны болуға нақты мүмкіндігі бар.
Ұлттық комиссия үйлестіріп отыратын реформаның заңнамалық және
ұйымдық базасын жасау бойынша жұмыс 2015
жылдың екінші жартысында
қызу жүрді. Ол өзгеріп отыратын жаһандық жағдайларды – жаңа мүмкін-
діктерді де, әлемдік дамудағы болуы мүмкін тәуекелдерді де ескере отырып
жасалды.
Бес институционалдық реформа экономикалық өсудің орташа қарқы-
нын қалпына келтіру, халықты әлеуметтік жағынан берік қорғау мақсатын-
да мемлекеттің жаңа кезеңдегі ауқымды жүйелі әрекеттерінің негізі болды.
Бұл – сыртқы күшті қысым жағдайындағы жаһандық экономикалық қиын-
дықтардан зардап шегуші экономика үшін ерекше маңызды болды.
Қазақстанды терең жаңғыртудағы көздеген ойым қоғамда жан-жақты
қолдауға ие болды және экономикалық, азаматтық белсенділікті арттырды.
Бес реформаның әрқайсысына іс-қимыл «жол картасы» жасалып, біртін-
деп жүзеге асты. 2015 жылдың қараша айындағы Жолдауда «100 нақты қа-
дамдағы» өзгерістер ауқымы жөнінен еліміздің 1990-шы жылдары жүргіз-
ген реформаларымен салыстырдым.
Бес реформаның әрқайсысына іс-қимылдың «жол картасы» жасалып,
кейіннен олардың бәрі де біртіндеп жүзеге асты. 2015
жылдың қараша ай-
ындағы Жолдауда «100 нақты қадамдағы» өзгерістер көлемін еліміздің 1990
жылдары жүргізілген реформаларының мөлшерімен салыстырдым.
Бес реформаның алғашқы нәтижелері жыл соңында-ақ байқала бастады.
Атқарылған жұмыстар мен жоспарланған шаралар туралы талдауларымды
халыққа 2016 жылдың қаңтарындағы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға
бастайтын жол» атты мақаламда баяндадым. Бұл кезде мемлекеттің, эконо-
мика мен қоғамның онан әрі дамуына қажетті және дамудың әлемдік стан-
дарттарының берік заңды іргетасын қалаған заңдар толық қабылданған бо-
латын. 2016 жылдың басында дамудың әлемдік стандарттарына қол жеткізу
үшін қажетті барлық заңдардың қабылданғанын атап көрсеттім. 2016 жыл-
356
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
дың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттің, экономика мен қоғамның дамуына
түбегейлі жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Парла-
менттің, Үкімет пен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның өзара үйлесімді
іс-қимылы олардың жұмысын ерекше тиімді етті. Мұндай жылдам әрі сапа-
лы заң шығарушылықты Қазақстан бұрын білген жоқ.
Мемлекеттік аппаратты жаңғырту нақты басқару міндеттерін шешумен
шектеліп қалмай, бүкіл өзгерістердің барысына да өз әсерін тигізетініне
мен сенімді едім.
Бірінші реформа – заманға сай мемлекеттік аппарат құру аясында –
2015 жылдың қазан айында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң қа-
былданды. Алғашқы заң 1995 жылдың желтоқсанынан бастап қолданыста
болды. Алайда, жиырма жылдың ішінде болған өзгерістер мемлекеттік
басқару жүйесін қайта құруды міндеттеді. 2015 жылғы қарашадағы «Сы-
байлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң бұл үдеріспен тығыз бай-
ланыста болды.
Екінші реформаны – заңның үстемдік құруын, құқық тәртібін және заң-
дылық аясын жүзеге асыру барысында әділсот төрелігі жүйесі жетілдірілді,
жаңа Азаматтық іс-жүргізу кодексі және «Жоғары сот кеңесі туралы» заң
қабылданды.
Үшінші реформа – индустриаландыру және экономикалық өсім аясын-
да – экономикадағы бюрократиялық келеңсіздіктерді болдырмаудың жаңа
шарттары жасалды және Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған
кешенді жоспарын жүзеге асыру басталды. 2015 жылы желтоқсан айында
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» конституциялық заң қа-
былданды.
Төртінші реформа – бірегейлік пен тұтастық аясында – азаматтық са-
на-сезімді нығайту бойынша жұмыс өз жалғасын тапты. ЭЫДҰ елдерінің
тәжірибесі
көрсеткендей, бірегейлік нақты жағымды факторларға – ме-
ритократияға, заңның үстемдік етуіне, экономикалық өсімге, мемлекеттің
ашықтығына сүйенеді.
Бесінші реформа – ашық сипатты және есеп беретін мемлекетті қа-
лыптастыру аясында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор-
порациясы құрылды, мемлекеттік органдар қызметіне баға берудің жаңа
жүйесі
енгізіле бастады, «Қоғамдық кеңестер туралы» заң қабылданды.
Құрылымдық реформаларға Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы Ын-
тымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама қолдау білдірді. Дүниежүзілік
банкпен, Азия даму банкімен,
Ислам даму банкімен, Еуропа қайта құру
және даму банкімен, Еуропа инвестициялық банкімен бірлескен жобалар
да осындай мақсаттарға қызмет етеді.
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
357
Достарыңызбен бөлісу: