ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ
ЖАҢҒЫРУЫ
369
Үшінші – ұлттық бірегейлік. Сананың жаңғыруы ұлттық рухты сақтауды және
нығайтуды көздейді. Алайда алға жылжу үшін мейлінше көнерген, жаһандық
әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу керек.
Төртінші – білімнің салтанат құруы. Білім – табыстың іргелі факторы,
нөмір бірінші ұлттық басымдық. Жаңа технологиялық революция жағдайға
тез бейімделетін және мамандығын икемді түрде өзгерте алатын аса білімді
адамдарды қажет етеді.
Бесінші –
революциялық емес, эволюциялық даму. ХХ ғасыр тарихы
дәлелдегендей, «тек эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік
береді». Сондай-ақ эволюциялық даму – жеке тұлғаның да дербес бағда-
рына айналуы тиіс.
Алтыншы – сананың ашықтығы, яғни әлемде болып жатқан оқиғалар-
дан
хабардар болу; жаңа технологиялық жөн-жосық ұсынатын өзгерістер-
ге дайын болу; өзгелерден оқып-білуге, озық тәжірибені үйренуге қабілетті
болу. Сананың ашықтығының маңызды тетігі мен шарты – жаппай ағыл-
шын тілін білу.
Мен өзімнің мақаламда күшті де жауапты
адамдардың біртұтас ұлт
болып ұйысуы үшін болашаққа бірге қадам басуды, қоғамдық сананы өз-
гертуді ұсындым. Бұл – менің халыққа тікелей қарата айтқан сөзім, әрине,
бірінші кезекте жастар тұр.
Достарыңызбен бөлісу: