НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет262/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан мәдениетінің гүлденуі 
Қазақстанда тәуелсіздіктің екінші онжылдығында мәдениеттің гүлде-
нуі одан әрі жалғасты. Ол толыққанды, сан қырлы, жан-жақты, жарқын 
түрде дамыды. Мемлекет бұрынғысынша мәдениет саласына барынша 
жомарттықпен қамқорлық көрсетіп, қолдау жасап отырды: 2012-ші жыл-
дары, бес жыл ішінде, мәдениетке жұмсалған қаржы үш еседен аса өсті. 
2014 жылғы қараша айында отандық мәдениеттің беделін көтеруге және 
саланы сапалы жаңғыртуға бағытталған Мәдениет саясатының жаңа 
тұжырымдамасы бекітілді. Ұлттық мәдени өмірдегі елеулі оқиғалардың 
бірі – 2013 жылы маусым айында ғажайып «Астана Опера» театрының 
ашылуы, ал екіншісі – 2014 жылы маусымда Қазақстан Ұлттық музейі 
халыққа қызмет көрсете бастады. Екеуі де сәулет өнерінің жауһарлары 
әрі кең ауқымды мәдени жобалар. Бұл екі жоба да тікелей менің баста-
маммен жүзеге асты.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
437
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғыр-
туға көп жағдай жасады және мәдени қорымыздың қоржынын толтыруға 
үнемі көңіл бөліп отырды. Енді халықаралық аренаға шығып, Қазақстанның 
дүниежүзілік мәдени үдерістегі үлесі бар толыққанды қатысушы екендігін 
дәлелдеу керек болды. 2012 жылы Астана қаласының бір мезгілде Түркі 
әлемінің және ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болуы – атап 
айтарлық жайт. Қазақстанның жаңа да жас астанасында ондаған мәдени фо-
румдар, фестивальдар, көрмелер көз қуантып, көңіл тоғайтып өтіп жатқаны-
на қала тұрғындары мен қонақтары дән риза болғаны анық. 
Қазақ мәдениетінің тамыры терең негіздерін, Қазақстан мәдениетінің 
тұғырлы іргетасы – қазақ мәдениетінің салт-дәстүрлерін дамытуға үнемі 
көңіл бөлінуі – мемлекеттің ерекше қамқорлығы. Бізде қазақ өнері мен салт-
дәстүрі дамытылуда, сонымен бірге барлық этностардың мәдени мұрала-
рына да көңіл бөлініп отыр. Біз әлемдік өнерге, әдебиетке және спортқа 
отандастарымыздың, әртүрлі этностық ерекшеліктеріне қарамастан, қосып 
жатқан үлестері ұлғайып келе жатқанын бүкіл ел болып мақтан тұтамыз. 
2016 жылы 1 наурызда, Алғыс айту күнінде, мен шын жүректен толқып 
тұрып, Ұлы Дала Елінің перзенттері сан түрлі бояуы бар мәдениеті, әртүр-
лі этностар мен конфессиялардың құндылықтарын бойларына ананың 
сүтімен сіңірді, бұған бізді тарихымыз және ата-бабаларымыз үйретті деген 
едім. Қазақстанның әрбір лайықты азаматы қазақ мәдениетінің жетістік-
терін мақтан ететініне күмәнім жоқ. 
Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың берілуі де 
елімізде елеулі оқиға ретінде жұртшылық назарын аударып отырады. 2012 
жылғы лауреаттар қатарында – жазушы Сәбит Досанов, ақын Несіпбек 
Айтұлы, әнші Әлібек Дінішев және скрипкашы Гауһар Мырзабекова бол-
ды. 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлыққа: жазушы Қажығали Мұханбетқа-
лиұлы, ақын Гүлнар Салықбаева, әнші Пантелей Кесоглу және компози-
тор Балнұр Қыдырбек ие болды. Сондай-ақ марапатталғандар арасында 
Шымкенттегі тарихи-монументалды кешен авторлары да бар.
2016 жылы желтоқсан айында Иманғали Тасмағамбетов бастаған ұжым 
– «Мәңгілік Ел» монументі, жазушы Бексұлтан Нұржекеев – «Әй, дүние-ай!» 
романы, режиссер Досқан Жолжақсынов басқарған ұжым – «Құнанбай» 
көркем фильмі, суретші Кәміл Моллашев «Тәуелсіздікке тарту» атты жұ-
мыстар топтамасы үшін Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сый-
лықтың иегерлері болып танылды.
Қазақстан – әдебиеті мен жазушыларына мемлекеттік деңгейде қол-
дау көрсететін санаулы елдер қатарында. Мәдениет пен өнердің қайрат-
керлері үшін арнаулы стипендиялар белгіленген, кітаптары жарық көріп, 


438
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
мерейтойлары аталып өтіп жатады. 2010-шы жылдары «Әлем әдебиетінің 
кітапханасы» сериясымен аударма еңбектерді және Қазақстан жазушы-
ларының кітаптарын шығару жалғасын тапты, жаңадан – «Тәуелсіздік 
толғауы», «Жаңа заман әдебиеті», «Туризм және спорт», «Мәдениет және 
өнер», «Энциклопедиялық әдебиеттер», «ХХІ ғасыр: түркі халықтарының 
поэзиясы», «Әлемдік балалар әдебиеті» серияларымен кітаптар жарық 
көрді.
2014 жылы Жібек жолы бойындағы бірқатар қазақстандық тарихи ны-
сандар, мәселен, Жетісудан (Талғар, Күлтөбе, Қарамерген, Ақыртас және 
басқалары) ЮНЕСКО-ның тізіміне енді. Сырдария өңіріндегі тарихи 
ескерткіштерді (Сығанақ, Отырар, Сауран) де сол тізімге енгізу көзделу-
де. Қазақ мәдениетінің мәртебесін асырған шаралардың бірі – 2014 жылы 
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ұлттық номина-
ция бойынша – «Дәстүрлі домбыра күйлерін орындау өнері», сондай-ақ 
Қырғызстанмен бірлескен номинацияда «Қазақ және қырғыз киіз үйлерін 
дайындаудың оқуы мен тәжірибесі» енгізілгендігі. Алдағы уақытта ЮНЕСКО 
тізіміне «Айтыс», «Наурыз», «Саятшылық» номинацияларын енгізу жоспар-
ланған. 
2014 жылы шілдеде Астана қаласында ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық 
комиссиялардың Бірінші аймақаралық кеңесі болып өтіп, оған әлемнің 120 
елінен өкілдер қатысты. Бір атап айтарлығы, мұндай кеңес ЮНЕСКО-ның 
Парижде орналасқан Штаб-пәтерінен тыс жерде бірінші рет өткізілді. 
Маңызды мәдени оқиғаның бірі – ЮНЕСКО-ның атаулы күндер тізбесі-
не енгізілген Алматы қаласының мыңжылдығы болды (2016 жыл, қыркүй-
ек). Осы арқылы Алматының жаһандық және аймақтық дамудағы рөліне 
жұртшылық айрықша назар аударды.
Жаңа Астананың мәдени өмірі жыл өткен сайын қызықты да мазмұнды 
бола түсті. 2016 жылдың елеулі мәдени оқиғасы, мәдени брендтің жаңғы-
руы ретінде Астанаға Алматыдан «Қазақконцерттің» көшіп келуін айтсақ 
та болады. Бұл – «Астана Мюзикл» («Қазақстан» Орталық концерт залы) 
жаңа театрының шымылдық ашуы арқылы қала тұрғындары мен қонақта-
рын тағы да қуанышқа бөледі. Сондай-ақ 2016 жылы Астанада Қазақ ұлт-
тық хореография академиясы және оның сахналық алаңы – «Астана ба-
лет» театрының ашылуы да зор мәдени жаңалық ретінде қабылданғаны 
анық. 
Әлемде Қазақстан туралы ақпаратқа деген сұраныс өсе түсті, ұлғая 
берді, соның нәтижесінде 2016 жылы «Ұлы Дала Елі» атты Қазақстан тура-
лы мобильді қосымшаның тұсауы кесілді, бұл үш тілдегі сандық энциклопе-
дия түрінде өмірге келді. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
439
2017 жылы «Заманауи қазақстандық мәдениет жаһандану әлемінде» 
жобасы («Рухани жаңғыру» бағдарламасы) алдыңғы қатарға шықты, осы 
арқылы отандық мәдениеттің озық тәжірибесі, жаңа жетістіктері негізгі үш 
тілде лайықты насихатталатын болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет