450
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
түрлі мәдени әлем арасындағы рухани
құндылықтар алмасу да қызу
жүріп жатты.
ХХІ ғасыр – Еуразияның қайта өркендеу және оның көптеген ғасырлық
қоғамдық бастаулары мен дәстүр-салтының жаңа гүлдену кезеңі болаты-
нына менің сенімім мол. Мұнда өркениеттер қақтығысына, діни және мә-
дени шиеленістерге орын болмауы тиіс.
Өткен жылдар ішінде ШЫҰ аса күшті ұйымға айналды, оның қатысуын-
сыз әлемнің ұлан-ғайыр аймағындағы күрделі мәселелердің бірде-бірін
тиімді түрде шешу мүмкін емес.
Жыл сайын ШЫҰ-ға кіретін мемлекет басшыларының кеңесі өткізіліп
тұрды. 2012 жылы 7 маусымда ШЫҰ кезекті саммиті Бейжіңде өтіп, онда
2013–2015 жылдарға арналған терроризммен,
сепаратизммен және экс-
тремизммен күрес бойынша ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды.
Ауғанстан ШЫҰ-ға бақылаушы ретінде қабылданды, ал Түркия диалог
жүргізу бойынша әріптес болып қатысты. Қатысушы елдердің басшылары
кездесуінде ШЫҰ-ны дамытудың стратегиялық негізгі бағыттары бекітілді.
Бұл – ШЫҰ-ның Астана қаласында өткен саммитінде айтылған – ШЫҰ үшін
өзінің жеке стратегиясы болуы керектігі жөніндегі ұсынысымыз қолдау та-
уып, жүзеге асырыла бастағанын білдірді.
2015 жылы 10 шілдеде ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының
кезекті кеңесі Уфа қаласында (Ресей) өткізілгенде, осы ұйымның 2025-ші
жылдарға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды, Ұйымға мүше-мемлекет-
тердің шекара мәселелері бойынша ынтымақтастығы мен өзара қарым-қа-
тынасы жөніндегі келісіміне қол қойылды. ШЫҰ-ға мүше болуға ұсыныс біл-
дірген бақылаушы-мемлекеттер – Үндістанды және Пәкістанды мүшелікке
қабылдауға байланысты дайындық жұмыстары қолға алынды. Сонымен
бірге, Беларусьтың ШЫҰ-дағы мәртебесі өсіп, бақылаушы-мемлекет дең-
гейіне көтерілді, ал Әзербайжан, Армения, Камбоджа және Непал мемле-
кеттері ШЫҰ-ға өзара диалог жүргізетін серіктестер ретінде тіркелді.
2016 жылғы Ташкенттегі саммитте Үндістанмен
және Пәкістанмен келіс-
сөз үдерістері сәтті жүргізіліп, ұйымға мүше-мемлекеттер Үндістан мен
Пәкістанды ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы меморандумға қол қойды.
Үндістан мен Пәкістанның ұйымға заңды мүше болып қабылдануы – ШЫҰ-
ның әлеуетін асырып, оның беделінің жаһандық деңгейге көтерілгенін ай-
ғақтайтыны даусыз.
2015 жылы желтоқсан айында Чжэнчжоу қаласында (ҚХР) ШЫҰ-ға мүше
мемлекеттердің басшылары Өңірлік экономикалық қарым-қатынас туралы
үндеу қабылдады. Сол жолы Қытай жағы 2020 жылға қарай ШЫҰ-ға мүше
елдер арасында еркін сауда-саттық аймағын құру туралы ұсыныс жасады.
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ
ЖАҢҒЫРУЫ
451
2016 жылы 24 маусымда Ташкент қаласында өткен ШЫҰ-ның саммиті
ұйымның құрылғанына 15 жыл толуын атап өтті және ШЫҰ-ның 2025
жылға дейінгі Даму стратегиясы бойынша Жұмыс жоспарын қабылдады.
Ұйымға мүше-мемлекеттер жуық арада тездетіп БҰҰ-ның Халықаралық
лаңкестікпен күрес жөніндегі Жалпыға ортақ конвенциясын қабылдау ту-
ралы ұсыныстарын жасады. Қазақстан ШЫҰ-ның экстремизммен күрес
жөніндегі конвенциясын әзірлеуге байланысты ұсыныс енгізді. Біздің
ұстанымымызға сәйкес, діни экстремизм бейбітшіліксүйгіш исламмен
және басқа діндермен теңдестіріле қаралмауы тиіс.
Ұйымның келесі бір маңызды бағыты
экономикалық өзара бай-
ланыстарға қатысты еді. Мен ШЫҰ-ның күшін инфрақұрылымды да-
мытуға, әсіресе Еуропалық экономикалық одақ пен Қытайдың «Жібек
жолы экономикалық белдеуі» жобасын ұштастыруға ұсыныс жасадым.
Қазақстан қай кезде де ШЫҰ-ның шын мәніндегі әрекет етуші құрылым
болуын жақтады. 2016 жылғы маусымда бірлестікті тығырыққа тіреуі мүм-
кін үрдістер туралы пікірімді ашық айтқан болатынмын: «Біздің міндетіміз
– ШЫҰ-ны аморфты, қағаз жүзіндегі, бюрократтық ұйымға (қазіргі АСЕАН/
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы) айналдырып алмау-
ымыз керек. ШЫҰ – Еуразия кеңістігіндегі маңызы өте жоғары ұйым. Егер
АҚШ Тынық мұхиты және Трансатлант аймақтарында еркін сауда аймағын
құратын болса, онда біз олардың ортасында қалып қоямыз. Осыған байла-
нысты, біз оның балама аналогын Еуразияда құруымыз керек».
Шанхай диалогының жиырма жылдығы және Шанхай ынтымақтастық
ұйымының он бес жылдығы – әлемде жаңа үлгідегі аймақтық құрылым
пайда болғанын және оның табысты дамып келе жатқанын көрсетті. Өт-
кен жылдардың аясында «бестік» алдымен «алтылыққа» айналды, ал енді
бүкіл әлемнің көз алдында салмақты,
қарқынды, ашық жаһандық «се-
гіздікке» айналып отыр. Бұл өзіндік салмағы бар, даму қарқыны мықты,
айтар ойы ашық «сегіздік».
Достарыңызбен бөлісу: