НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Жаңа жаһандық ядролық қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет268/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жаңа жаһандық ядролық қауіпсіздік 
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстан ұлттық және жалпы 
ядролық қауіпсіздік бағытын айнымастай ұстанды. 
2015 жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы ядролық қарудан 
азат әлемге жету туралы жалпыға бірдей Декларацияны мақұлдады. Бұл 
– 2010 жылы сәуір айында Вашингтонда өткен бірінші ядролық қауіпсіздік 
саммитінде сөзімді қорытындылай келе, жария еткен менің ұсынысым 
болатын. Ол кезде жұрттың көпшілігіне бұл жаңа бастама кезекті «саяси 
ойын» болып көрінді. Алайда Қазақстан бұл мәселеде табандылықпен 
жұмыс істеп, нәтижесінде әлемнің ондаған мемлекеттерінің қолдауына ие 
болды. Бұл құжаттың бекітілуі – біздің елдің игілікті мақсатына – 2045 жылы 
БҰҰ-ның 100 жылдығына орай, ядролық қарудан азат бейбіт әлемге қол 


446
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жеткізу ізгі ниетіне қолдау білдіргендерінің көрінісі еді. Бұдан басқа, де-
кларацияны қолдаған 35 ел қарарының қабылдануы Қазақстанның 2015 
жылдың қыркүйегіндегі бастамасының – Жаһандық ядролық қаруға қарсы 
қозғалыстың маңызды қадамы болды. 
2012 жылдың тамыз айында-ақ Астана қаласында өткен «Ядролық 
сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық 
конференцияда мен қоғамдық дипломатия бастамасын – АТОМ («Abolish 
Testing Our Mission» – «Сынақтар ды жою – біздің миссиямыз») жобасын 
ұсындым. Жер бетіндегі ядро лық қаруға қарсы кез келген адам әлем үкімет-
терін ядролық сынақтардан біржола бас тартуға шақырған онлайн-пети-
цияға қол қойып, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-
шарттың тезірек күшіне енуіне қол жеткізе алады. Бұл бастамаға жүзден 
астам елдің азаматтары үн қосты. 
Бұл ретте Қазақстан атомды бейбіт мақсатқа пайдаланудағы тең мүм-
кіндіктер жайындағы көзқарасын ашық айтты, күрделі мәселелерді шешуге 
нақты үлес қосты. 2013 жылы Алматы қаласында Иранның ядролық бағдар-
ламасы бойынша келіссөздер өтті. Бұл – сенімсіздік сеңін ерітіп, Женева-
дағы келісімге қол жеткізді. 
2015 жылдың тамыз айында Қазақстанда Аз байытылған ядролық отын 
(аз байытылған уран) банкін (МАГАТЭ) құру туралы келісімге қол қойылды, 
бұл да аса маңызды оқиғалардың бірі еді. 
МАГАТЭ-ге АБУ (НОУ) Банкін орналастыруға мүмкіндік бере отырып, 
Қазақстан, біріншіден – ядролық қару таратпау режимінің нығаюына, 
екіншіден – ядролық отынды қауіпсіз пайдаланудың мүлдем жаңа тетігін 
жасауда өзінің кезекті үлесін қосты.
2017 жылдың 29 тамызында әлемдік қауымдастық жаһандық масштаб-
тағы оқиғаның куәсі болды. Мұндай жоба тарихта алғаш рет жүзеге асып 
отыр, аз байытылған уран банкін жасау – атом энергиясын бейбіт мақсат-
та пайдалануға қызмет етеді. Сондықтан да Қазақстан беделді ұйымның 
«Ядролық қауіпті азайту бастамасына» қолдау білдіріп, Банкті Өскемендегі 
Үлбі металлургия зауытында орналастыруға ұсыныс жасады. 
Жасалып отырған қор – бұл МАГАТЭ мүшелеріне кепілдік жеткізудің 
бірегей тетігі. Атап айтқанда, АБУ Банкі МАГАТЭ-нің толық бақылауында 
жұмыс істейді және оның ресми заңды билігінде болады.
Банкті құру – Ядролық қаруды таратпау келісімшартының әрбір қаты-
сушысының Ұлттық бейбіт ядролық бағдарламаларын дамытудағы біртұтас 
құқығына зиян келтірмейді. АБУ Банкінің жобасы – бұл толық мәнінде эко-
логиялық тұрғыдан негізделген және қауіпсіз екені ерекше маңызды. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
447
Банк кез келген әсерлерден, соның ішінде сейсмикалық жағдайлардан 
да қорғалатын болады. Көптеген ядролық жарылыстардың зардаптарын 
бастан кешкен Қазақстан үшін – бұл аса маңызды. Сондықтан Қазақстан 
МАГАТЭ басшыларына және Банк донорларына олардың қосқан үлкен 
үлесі үшін алғыс білдіреді. Мен оларды атап айтқым келеді. Бұлар: АҚШ, 
Кувейт, БАӘ, Норвегия, Еуропалық одақ және «Ядролық қауіпті азайту 
бастамасы» ұйымы. 
Бейбіт атом энергетикасы зор перспективаға ие. Қазақстанда, түр-
лі бағамдаулар бойынша, әлемдік уран қорының 15–30 процент мөлшері 
сақталған. 
Біздің еліміз – уран өндіруші ірі өнеркәсіп болып табылады, техноло-
гия мен инфрақұрылымға да ие. Демек, Қазақстан ХХІ ғасырда бейбіт атом 
энергетикасында маңызды рөлге ие болуға дайын. 
Қазақстанның қауіпсіз әлемді қолдаудағы көпжылдық қызметі 2016 
жылы наурыз айында Вашингтонда өткен ядорлық қауіпсіздіктің төртін-
ші саммитінде аталып, Ядролық қаруды «Таратпаудағы халықаралық көш-
басшылығы үшін» арнайы марапатына ие болды. Біздің ел – ядролық қа-
уіпсіздік сферасындағы өзінің биік мәртебесін тағы да бір рет айқындады. 
Бітімгершілік миссиясы – Қазақстанның сыртқы саясатының ажырамас 
құрамдас бөлігі болып табылады. Мен 2010-шы жылдары ядролық қа-
русыздану режимі дағдарысқа ұшырайтынын және бұл қарусыздануды 
«қолдамайтын мемлекеттердің» амбициясын өршітетінін алдын ала біл-
дім. Болашақ туралы өзімнің ойларымды Ядролық қауіпсіздіктің төртінші 
саммитінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде айқын және дәлелді түрде жа-
рия етуге тырыстым. 
Қазақстанның бітімгершілік бастамалары адамзаттың көз алдында 
жаһандық ядролық қауіпсіздіктің жаңа элементтеріне айналды.
Қазақстан жаһанды биік мақсаттарға жүйелі түрде қадам басты: ХХI ға-
сырда адамзат баласына өлім себетін ядролық арсеналдарға орын бол-
мауы тиіс. Сондықтан да 2017–2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 
Қазақстанның басым бағыты – жаһандық ядролық қауіпсіздікті ілгерілету 
болып табылуы заңды. 
Еліміз қолға алған бітімгершілік қадамдары Қазақстанның күрделі ядро-
лық қарусыздану процесіндегі – ядролық қарудан азат әлем жолындағы 
көшбасшылық бағытының берік нығаюына ықпал етті. 


448
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет