НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы төрағалық



Pdf көрінісі
бет271/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы төрағалық 
2008 жылы қатысушыларының саны жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымынан 
кейінгі екінші орындағы (57 ел) Ислам конференциясы ұйымы халықаралық 
құрылымы 2011 жылы ИКҰ-ға Қазақстанның төрағалық жасайтыны туралы 
шешім шығарды. Бір айта кетерлігі, Қазақстанның Ислам конференция-
сы ұйымына төрағалық етуі – 2010 жылғы біздің еліміздің Еуропадағы қа-
уіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі жемісті аяқталғаннан 


452
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
кейін жалғасты. Мұндай халықаралық-саяси жалғастылық Қазақстанның 
Еуропа елдерімен және мұсылман елдерімен өзара белсенді қарым-қаты-
нас орнатқандығын, Қазақ елінің жаһандық миссиясының бірегейлігін, Ис-
лам әлемі мен Батыстың арасындағы түсіністікке ықпал жасауға ұмтылысын 
айғақтап тұрғаны даусыз. 
2011 жылы 28–30 маусымда Астанада Ислам конференциясы ұйымы 
Сыртқы істер министрлер кеңесінің 38-сессиясы болып өтті және бұл Қа-
зақстанның төрағалық жасауына алғышарт жасады. Тарихи оқиға ретінде 
жарты ғасыр бойы жұртшылықтың құлағы үйренген Ислам конференция-
сы ұйымының атауы өзгеруін айтуға болады. Мүше-мемлекеттер «ынты-
мақтастық» ұғымы ұйымның алдағы уақыттағы атқаратын жұмыстарымен 
көбірек сәйкесетіндігі туралы Қазақстанның пікіріне құлақ асты. Осылай-
ша, Астанада Ислам әлемінің басты құрылымы өзінің қазіргі – Ислам 
ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) атауын иеленді. Бұл атау – оның анағұр-
лым топтасқан және тиімді халықаралық бірлестік екендігін білдіретін 
болады. Алғаш рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық іс-қи-
мыл жоспары қабылданды. 
Ислам ынтымақтастығы ұйымына Қазақстанның төрағалық етуі ислам 
әлеміндегі көптеген елдердің арасындағы драмалық шиеленістер уақыты-
на тұспа-тұс келді. Осындай жағдайда қазақстандық дипломатия Ислам 
бірлестігі қоғамдастығы үшін өз бағдарламасын ұсынды, ол ХХІ ғасырдағы 
Ислам әлемі дамуының негізін реформалау мен жаңғыртуға шақырған 
ИЫҰ-ның Астана декларациясының негізіне алынды. 
Ислам ынтымақтастығы ұйымы үшін Сириядағы азаматтық соғыстың 
өршуі және осыған байланысты көзқарастар қайшылығының үдеуі – үлкен 
сын-қатер болды. Қазақстан осындай сын сағатта парасаттылық көрсетті 
және күрделі геосаяси жағдайда өзін объективті медиатор ретінде танытты. 
Қазақстанның қағидатты ұстанымы, Сириядағы жағдайды талқылаған кез-
дегі салиқалы, ұстамды көзқарасы Ислам ынтымақтастығы ұйымының іштей 
екіге бөлінуіне жол берген жоқ. Сонымен қатар Қазақстанның төрағалығы 
Сомалидегі гуманитарлық дағдарыстан шығу үшін 500 миллион долларды 
жинастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның төрағалығы алғашқы белгіленген мерзімінен жарты жыл-
дан артық уақытқа созылды және 2012 жылы қараша айында Джибути 
қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министр-
лігі кеңесінің 39-сессиясында аяқталды. Осы кездесуде ИЫҰ азық-түлік 
қауіпсіздігі бойынша штаб-пәтерін Астана қаласында құру туралы біздің 
ұсынысымыз қолдау тапты, сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымының 
Еуроодақпен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
453
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесімен, Әлемдік және 
дәстүрлі діндер съезімен ынтымақтастықты тереңдету қадамдары да қол-
дауға ие болды. 
Қазақстанның 2011–2012 жылдары ИЫҰ-ға төрағалығы – ұйым тарихын-
дағы жаһандық өркениетті және дінаралық диалогта Қазақстан рөлінің 
маңыздылығын танытқан кезең. 
2016 жылы сәуір айында Ыстанбұлда Ислам ынтымақтастығы ұйымы-
ның 13-ші саммитіне қатыстым. Саммитте қабылданған «ИЫҰ-2025» стра-
тегиялық бағдарламасына Қазақстанның Жаһандық лаңкестікке қарсы 
коалиция құру жөніндегі ұсынысы енгізілді. Бұл – БҰҰ-ның халықаралық 
лаңкестікпен күрес жөніндегі жалпыға ортақ конвенциясында қабылданған 
болатын. Ыстанбұлда өткен ИЫҰ саммиті, саммит қарсаңында біздің Түр-
кия президентімен бірлесіп ұсынған, мүше-мемлекеттер арасындағы дос-
тық қарым-қатынастарды дамыту және исламдық татулық үдерісі туралы 
ұсынысымызды қолдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет