ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
461
2015 жылдың маусым айында Астана қаласында І Қазақстан – Америка
бизнес форумы өтті. Бұл шараға ең ірі жиырма америкалық компания қа-
тысты. 2015 жылы Қазақстанға АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Дж. Керри
ресми сапармен келді. Америка тарапы бұл жолы да Қазақстанның ядро-
лық қаруды таратпау сферасына қосқан үлесін жоғары бағалап, қазақстан-
дық бастамаларға қолдау білдірді.
Ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік сферасындағы ынты-
мақтастық туралы 2016 жылғы наурыз айында жарияланған Бірлескен
мәлімдеме стратегиялық әріптестіктің маңызды элементіне айналды.
АҚШ Жапонияның көмегімен Қазақстандағы Алматы облысында ядро-
лық қауіпсіздік бойынша оқу орталығын құруды қолдады. Мұнда бола-
шақта ядролық материалдарды қорғау жөнінде тренингтер өткізілетін
болады.
2017 жылдың мамыр айында Сауд Арабиясында өткен «АҚШ-Ислам
әлемі» саммитінің аясында менің 2016 жылдың аяғында сайланған АҚШ
президенті Д.Трамппен келіссөздерім өтті. Біз екі ел арасындағы одан әрі
ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен перспективаларын талқыладық.
2010-шы жылдардың жемісі Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы
өңірлік әрі жаһандық тұрғыдағы мәселелер бойынша да тұрақты, сенімді
әріптесі екенін растап берді. Қазақстан-Америка стратегиялық әріптестіктің
жоғары деңгейі – Қазақстан мен АҚШ президенттерінің бірлескен күш-жі-
герінің жемісі.
Достарыңызбен бөлісу: