Қазақстан – Еуропа: кеңейтілген әріптестік
пен ынтымақтастық
Еуропа одағы – ең ірі интеграциялық бірлестік – Қазақстанның ең басты
сауда және инвестициялық әріптесі болып қала берді. 2010-шы жылдардың
бас кезінде Еуроодақ елдерінен келген инвестиция мөлшері 80 миллиард
долларды құрады, ал өзара тауар айналымы 53 миллиард долларға жетті.
2012 жылы ЕО мен Орталық Азияның Әріптестік стратегиясының әре-
кет ету мерзімі аяқталды. Қазақстан 2011 жылдан бастап-ақ жаңа шарттар
бойынша келіссөздер жүргізе бастады, өзара іс-қимылдың барлық салала-
рын қамтитын көлемді құжатқа қол жеткізуге тырысты. Индустриаландыру
мен әртараптандыру бағдарламасын нысанға ала отырып, инновациялық
әріптестікке, озық тәжірибені ортаға салу мен технологияға (соның ішінде
«жасыл» экономикаға) ерекше мән берілді.
462
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2012–2015 жылдары Астана мен Брюссель қалалары жаңа келісімді
даярлауда орасан зор жұмыс атқарды, ал 2015 жылдың желтоқсанында
Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық
келісіміне қол қойылды. Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында
бірінші болып Еуропалық одақпен екінші ұрпақтың келісімін жасасты, сөй-
тіп, маңызды сауда және инвестициялық әріптеспен қарым-қатынастың
жаңа кезеңіне өтті.
2012 жылы қарашада және 2013 жылы сәуір айында Қазақстанға ЕО-
ның Жоғарғы өкілі К. Эштон келді, ал 2013 жылдың шілдесінде Еуропалық
комиссияның төрағасы Ж. Баррозу алғаш рет ат басын бұрды. Қазақстан
энергетика жөніндегі диалогын жүйелі дамытты. ОПЕК-тің құрамына кір-
мейтін елдердің ішіндегі үшінші қуат тасымалдаушы ретінде, Қазақстан –
Еуропаның энергия теңгеріміне айтарлықтай үлес қосты.
2010-шы жылдары Қазақстанның еуропалық елдермен екіжақты қа-
рым-қатынасы тереңдей түсті. Франция, Испания, Италия және Герма-
ниямен стратегиялық әріптестік туралы келісімдер жемісті түрде жүзеге
асты. 2013 жылдың 30 маусымы – 1 шілдесі аралығында екіжақты қа-
рым-қатынас тарихында Ұлыбританияның премьер-министрі Д. Кэмерон
Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Кездесу қорытындысы –
екі елдің Стратегиялық әріптестік жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол
қоюымен аяқталды. Ұлыбритания Қазақстанды сауда мен инвестицияға
қолайлы басым елдердің тобына қосты.
2015 жылдың қараша айында мен Ұлыбританияға ресми сапармен бар-
дым. Премьер-министр Д. Кэмеронмен болған келіссөздер қорытындысы
бойынша – газ, энергетика, мұнай-химия және фармацептика салаларын
дамытуға бағытталған 5 миллард доллардың келісімшарты жасалды. Ресми
сапар барысында, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Патшайымы – ІІ
Елизаветамен кездесуі ерекше маңызды оқиға болды. Ол – екі ел арасын-
дағы достық қарым-қатынастың нығаюына сенім білдірді.
2012 жылдың ақпан айында Германияға ресми сапармен жолым түсті.
Канцлер А. Меркельмен бірге ынтымақтастықтың барлық спектрін талқы-
ладық. Әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Неміс компаниялары Қа-
зақстан жер қойнауларын игеруге, қайта өңдеу зауыттарын салуға, экс-
портқа өнім шығаруға мүмкіндік алды. Тараптар 50 шақты келісімшартқа
қол жеткізді. Қазақстанға жаңа технологияларды жеткізу индустриаланды-
ру бағдарламасына байланысты ерекше маңызға ие болды.
Келіссөздер қарсаңында маған Берлин Еуразия клубын – жаңа
диалогтар алаңын ашу құрметі көрсетілгені қуантарлық жағдай болды.
Бұл клубтардың ашылуы – Еуропа мен Орталық Азия, Еуроодақ және
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
463
Біртұтас экономикалық кеңістік арасындағы ынтымақтастықтың жолдарын
іздестіруге бағытталған еді. Клуб отырысына германиялық және әлемдік
саяси патриарх Г.Д. Геншердің қатысуы ерекше мәнге ие болды. Ол:
«Берлин Еуразия клубы Қазақстанның беделін қалыптастыруға ықпал
ететін болады», – деп сенім білдірді.
2012 жылғы қарашада жұмыс сапарымен Париж қаласына келдім, мұн-
да Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясында халықаралық
ЭКСПО-2017 көрмесі бойынша дауыс беру жүріп жатты. Тап осы қалада
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізілетін
орын болып жарияланды. Сол жолы Ф. Олланд екеуміздің келіссөздеріміз
өтті.
Француз Республикасының президенті Қазақстан Республикасына
2014 жылы желтоқсан айында келді. Сауда-экономикалық, инвестициялық,
мұнай-газ, космос саласының, темір жол машиналары құрылысының жоба-
лары талқыланды. Франция президенті Қазақстанның барлық көршілерімен
тең дәрежеде келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беретін және ірі саяси оқиға-
ларға ықпал ететін саяси және дипломатиялық рөлінің маңыздылығын атап
өтті. Шағын құрамдағы кездесу кезінде ол өзінің нақты ойларын жеткізді:
«Біз Ресей мен Еуропа елдерінің қарым-қатынасында алаңдаушылық бай-
қалып отырған тұста кездесіп отырмыз. Мәселенің шешімін табуына ынта-
лымын және бұл тұрғыда Қазақстан ерекше рөл атқарады». Ф.Олландпен
екеуміз Алматыдағы «Сорбонна-Қазақстан» институтының ашылу салта-
натына қатыстық. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің негізінде құрылған институт
Париж «Сорбоннасының» әлемдегі екінші филиалы болып табылады.
2013–2014 жылдары Франция мен Қазақстан Мәдениет күндерімен ал-
масты.
2015 жылы қараша айында Францияға ресми сапармен бардым. Фран-
ция біздің маңызды серіктесіміздің бірі және екі ел арасында өзара толық
түсіністік орнаған. Күн тәртібінде – жиырмадан астам жобаларды жүзеге
асыру және ондаған жобалар – болашақтың еншісінде екені нақтыланды.
Ұлыбритания сияқты, Францияның да Қазақстанда жүзеге асырылатын ин-
дустриалы-инновациялық жобаларға атсалысуы біз үшін аса маңызды.
Николя Саркозидің: «Менің өз ізбасарымның Франция мен Қазақстан
арасындағы тамаша әріптестікті жалғастыруына шын жүректен тілектеспін.
Бұл – президенттік мандатымның маңызды жетістіктерінің бірі, мен мұны
мақтан етемін», – деген сөзі есте қаларлықтай болды. Сонымен қатар Н. Сар-
кози біздің елдеріміздің арасындағы тиімді ынтымақтастық қазақстандық
көрегендіктен, Қазақстанды – Орталық Азия көшбасшысы ретінде бекіту
және халықаралық аренадағы ұстанымдарымызды нығайту үшін біз қол-
464
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
данған бірегей сапаның арқасында мүмкін болғанын мойындағаны еді.
Еуропалық елдер тұрғысындағы Қазақстанның ұстанған саясаты – Еу-
ропа елдерімен бұрыннан қалыптасқан өзара тиімді әріптестік қарым-қа-
тынастарды қолдау мен дамытуға бағытталған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |