468
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ұсынумен келеді. Осындай ұстанымдардың бірі – 2012 жылы негізделген
G-GLOBAL жобасы.
Алғаш рет жоба ұстанымдары 2012 жылғы 23 мамырда өткен V Астана
экономикалық форумында тұжырымдалды.
Әлемнің таңдаулы іскер
топтарының алдында сөз сөйлеп, мен әділетті әлем құрылысының
маңызды негіздерін қадап айттым. Бірінші – «эволюция,
революция
емес». Адамзат саяси революциялар лимитін өткен ғасырда-ақ тауысып
қойған. Сондықтан реформалар жолы – ХХІ ғасырдағы прогреске
бастайтын бірден-бір соқпақ. Екінші – әділдік, теңдік және ортақ мәмілеге
келу. XXI ғасырда елдерді «ұлы және қосалқы, жетекші және жетектегі»
деп бөлу ескірген. Мемлекеттер теңдігін негіздейтін жаңа әділетті әлемдік
саясат қажет. Үшінші – «жаһандық толеранттылық пен сенім». Мемлекеттер
арасындағы қарым-қатынас, геосаяси салмаққа қарамастан, толерантты
болуы тиіс. Жаһандық
сенім болмайынша, келісілген шешімдерге қол
жеткізу мүмкін емес. Төртінші – «жаһандық транспаренттік». G-GLOBAL
әлемі –
бұл транспарентті қауымдастық, мұнда ешқандай қосарлы
стандарттар болмауы тиіс. Бесінші – «конструктивті көпқырлылық». Тап
осындай шиеленіссіз көпқырлылық жаһандық сын-қатерлерден өтіп, ХХІ
ғасырдағы адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады.
G-20 форматының қазірдің өзінде жеткіліксіз болып отырғандығына
мен кәміл сенімдімін. Жаһандық диалогтың шоғырланған тетіктері қажет.
G-GLOBAL форматы осындай тетік бола алады. Ал
бұған қажетті комму-
никативті алаң – Астана экономикалық форумы. Жаңа жобаның қағидат-
тары әлем тәртібінің бүкіл архитектурасын бойлап, БҰҰ мен халықарлық
құқықтың негізгі құжаттарында бекітілуі тиіс.
2012 жылдың 24 мамырында мен АЭФ-қа қатысушы мәртебелі эконо-
мист ғалымдардың тобымен кездестім.
Олардың арасында Нобель сый-
лығының лауреаттары – Роберт Манделл, Эдвард Прескотт,
Джон Нэш,
Эрик Маскин, Роберт Ауманн, Финн Кидланд,
Кристофер Писсаридес,
Мюррей Гелл-Манн, Ада Цонат, Ричард Джон Робертс, Кэрри Бенкс Мул-
лис болды. Әлемге аты мәшһүр ғалымдар қазақстандық идеяға қолдау біл-
дірді. Ал бір аптадан соң, Астанада 30 мамыр күні G-GLOBAL-дың руха-
ни-өнегелі аспектілері өзге беделді халықаралық форум – Әлемдік және
дәстүрлі дін көшбасшыларының IV съезіне қатысушылар арасында қызу
талқыға түсті. Рухани көшбасшылар – Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы
Кирилл, Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы Абдалла бен Абдель
Мухсин ат-Турки, католик кардиналы Джованни Лайоло, Израильдің Бас
Ашкеназ Раввині Иона Мецгер және көптеген өзге де дін басшылары Қа-
зақстанның күш-жігеріне қолдау білдірді.
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
469
Жаһандық тұрақсыздықтың жалғасуы және 2010-шы жылдардың орта-
сына қарай халықаралық жағдайлардың күрт шиеленісуі G-GLOBAL қағи-
даттарының маңыздылығына көз жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: