472
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Менің пайымдауымша, ЕАЭО-ның және ЕО-ның ынтымақтастық әлеуеті
ерекше маңызды. Дәл сондықтан да 2016 жылы сәуірде Брюссельде мен
Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасында тікелей
диалог жүргізу керектігі туралы ұсыныс жасадым.
Мен еуразиялық интеграциялық үдерістерге қатысты шынайы ақпа-
раттардың әлемдік элитаға жетуі үшін әрбір мүмкіндікті пайдаланып
отырдым. 2016 жылы наурызда Вашингтон қаласында АҚШ қайраткер-
лерімен кездескенде мен ЕАЭО-ға таза экономикалық бірлестік екенін
түсіндірдім. Қандай да бір КСРО-ны қайта құру жөнінде әңгіме болып
отырған жоқ және болмақ та емес. «Қырғи-қабақ соғыстың» қатып
қалған ұғымдарынан арылу керек. Ол біздің болашаққа сеніммен қа-
рауымызға кедергі келтіреді. Еуразиялық экономикалық одақ – бұл таза
экономикалық жоба.
Достарыңызбен бөлісу: