НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстанның 2017 жылғы сыртқы саясаты



Pdf көрінісі
бет283/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстанның 2017 жылғы сыртқы саясаты 
2017 жыл – Қазақстан үшін сыртқы да, ішкі де саясатта елеулі жыл болып 
отыр. 
2017 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік 
кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретіндегі жұмысына кірісті. Сәйкестік пе 
екен, 1 қаңтардан бастап, БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы А. Гутерриш те қыз-
метіне кірісті. 
10 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған өзімнің саяси үндеуім-
де мен қазақстандық мүшеліктің жеті басымдығын атап көрсеттім: ядро-
лық қарусыз бейбітшілікке қол жеткізу; жаһандық соғыс қатерін жою және 
оқшау кикілжіңдерді реттеу; Орталық Азияның мүдделерін алға шығару; 
терроризм мен экстремизмге қарсы тұру; Африкадағы бейбітшілік пен қа-
уіпсіздік; даму мен қауіпсіздік арасындағы ажырамас байланыс; ХХІ ғасыр-
дағы сын-қатерлерге БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесінің дайын болуы. Осы 
тұғырнамаларға сүйенген Қазақстан БҰҰ ҚК-нің күнделікті жұмысына то-
лығымен кірісіп кетті. Әрине, жаңа тәжірибе Қазақстанның бітімгерлік әле-
уетін бұрынғыдан да күшейтетініне күмән жоқ. 
2018 жылдың басы да аса маңызды болмақ – қаңтарда Қазақстан БҰҰ-
ның Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық жасайды. Осы кезеңде Қауіпсіздік 
Кеңесінің бейбітшілік пен қауіпсіздік жөнінде жоғары деңгейдегі ашық де-
батын шақыру жоспарланып отыр. 
2017 жылы Қазақстан көп қырлы, теңгерімді сыртқы саясатын жалғас-
тырды, барлық көршілерімен және әріптестерімен – Ресей Федерация-
сымен, Қытай Халық Республикасымен, Америка Құрама Штаттарымен, 
Еуропалық одақпен, Түрік Республикасымен және Еуразия құрлығындағы 
көптеген басқа достық қарым-қатынастарын дамытты.
Қазақстанның 2017 жылы халықаралық бірлестіктерге қатысуының 
маңызы зор болды. Мен, бұрынғыдай, ЕАЭО, ШЫҰ және Еуроодақ 
арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты қалыпқа келтіруге 
болады деген сенімдемін. Дипломатиялық корпуспен кездесуде мен 
бұл мәселені 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізгенде кө-
тергенімді еске салып өттім. Үш интеграциялық бірлестіктің өзара қа-
рым-қатынасы – біздің бәріміз үшін де пайдалы. Мен мұның болашағы 
бар деп ойлаймын.
Астанада өткен ШЫҰ саммитінің (5-9 маусым 2017 жыл) маңызы зор 
болды. Оның басты оқиғасы – ШЫҰ құрамына Үндістан мен Пәкістан Ис-
лам Республикасын мүшелікке қабылдау процедурасының аяқталуы еді. 
Жиналысқа төрағалық жасаушы ретінде мен Астана саммиті ұйымның та-


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
479
рихында жаңа кезеңнің басталғанын айғақтады деп атап өттім. Жаңа мү-
шелер қабылдау ШЫҰ-ның дамуына кең тыныс береді, беделінің артуына 
ықпал жасайды, өйткені ұйымның жауапкершілік аумағы Жер шарының 
жартысынан астам бөлігін қамтып жатыр. Сонымен бірге, Қазақстанның 
төрағалық жасау кезеңінде ШЫҰ мен БҰҰ арасындағы қарым-қатынас жаңа 
деңгейге көтерілді. 
2017 жыл Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынас үшін де 
неғұрлым маңызды болды. Біздің аймақ өзінің дамуының жаңа кезеңін 
бастан кешуде. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның төрағалық жаса-
уының (2017–2018) басты басымдықтарының бірі – Орталық Азия елдерінің 
жалпы мүддесі болғандығы кездейсоқтық емес.
29 тамызда Қазақстан және бүкіл әлем үшін айтулы оқиға болды – 
МАГАТЭ-нің Аз байытылған уран Халықаралық банкі ашылды. Мен 
МАГАТЭ-нің Бас директоры Ю.Аманоға Өскемендегі Үлбі металлургия за-
уытының алаңында орналасқан АБУ Банкінің символдық кілтін тапсыр-
дым. МАГАТЭ-нің толық бақылауында және оның заңды меншігінде жұ-
мыс істейтін АБУ Банкі бүкіл дүние жүзі үшін ядролық сұйықтықты қауіпсіз 
жеткізетін бірегей механизм болып табылады. Жаһандық сенімге ие 
болған ел ғана Халықаралық АБУ Банкін өз жерінде орналастыра ала-
ды. АБУ Банкінің ашылу салтанатында ғалымдардың Пагуош қозғалысы-
ның 62-сессиясына қатысушылары да болғанын айтқан жөн. Мен олар-
ды қозғалыстың 60 жылдығымен құттықтадым және ядролық қауіпсіздікті 
нығайту үшін қажет бірнеше қадамдарды ұсындым: 2020 жылы ядролық 
қаруды қолдануға толық тыйым салу туралы Келісімшартты күшіне енгі-
зу (Ядролық қаруды таратпау туралы келісімнің күшіне енгенінің 50 жыл-
дығы); ядролық мемлекеттердің де-факто мәртебесін легализациялау 
және ядролық қаруды иемденуші-елдердің саммитін шақыру; Ядролық 
сынақтарға жалпы көлемде тыйым салу Келісімшартына қалған елдердің 
де қосылуы; Ядролық қарусыз аймақ құрамына кіретін мемлекеттердің 
күш біріктіруі. Мен, сондай-ақ, Ядролық қауіпсіздік бойынша Жаһандық 
саммит үдерісін жаңартуға біздің елдің бастамашы болуға және оны Аста-
нада өткізуге Қазақстанның дайын екендігін білдірдім. 
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон БҰҰ Қауіпсіздік 
Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі 2017 жылғы 
қыркүйекте үкіметтік ведомстволар басшыларының деңгейінде өткен оты-
рысында «Қазақстанның «ядролық қарудан бас тартуы даналықтың ай-
рықша үлгісі болып табылады. АҚШ-пен әріптестікте Қазақстан бұрынғы 
кеңестік қаруларды және сонымен байланысты ядролық технологиялар-
ды өз аумағынан алып тастады және ядролық қарусыз мемлекет ретін-


480
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
де Ядролық қаруды таратпау туралы Келісімшартқа қосылды. Қазақстан 
басшылығының батыл шешімі ядролық қарудың, оның құрамдас бөлік-
терінің, ядролық материалдардың және қос мақсатты технологиялардың 
лаңкестердің қолына түсуін нақты қысқартты. Қазақстанның іс-әрекеті елді 
ұлттар қауымдастығына тарту үдерісінде маңызды қадам болды. Ядро-
лық қарудан құтылудың нәтижесінде әлем Қазақстанға ядролық әлеуетті 
агрессор, қатерлі мемлекет ретінде қарамайды. Ол өзінің ядролық көр-
шілері – Ресей мен Қытайдың да дұшпанына айналған жоқ. Бүгінде Қа-
зақстан көршілерімен тату-бейбіт өмір сүруде. Ол берік сауда қатынаста-
рын дамытуда. Биыл бұл ел Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін 
өткізді, ол болашақтың энергия көздерін және бүкіл әлемнің қатысушы-
ларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті. Бұл өңірлік, 
халықаралық бейбітшілік пен өркендеуге елеулі үлес қосып отырған за-
манауи мемлекет. Қазақстан өзінің шешімдерімен тек қана ұтысқа шықты. 
Өзімнің бұрынғы кәсіби қызметімде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен 
бірнеше рет кездестім және оған осы шешім туралы сұрақ қоюыма мүм-
кіндік болды. Ол маған бұл шешім үшін ешқашан өкінбейтінін айтқан және 
тағы бірде: «Бұл менің, қай бір кезде болсын, жас елім үшін жасаған үлкен 
жақсылығым» деген сөзі кездейсоқ айтылған жоқ. 
Мұндай әңгіме шынында да болған. Мен Рекс Тиллерсонның баянда-
уындағы дәлме-дәлдікті куәландырамын. 
2017 жылғы ерекше оқиғалардың бірі Астанада (10-11 қыркүйек) өт-
кен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым мен технология бойынша 
I Саммиті еді, оған қатысушылар 56 елден келді. Пленарлық мәжілісте күшті 
біріктірудің қажеттігі баса айтылды және ИЫҰ-ның ғылыми-инновациялық 
қорын құру туралы ұсыныс келіп түсті. Бұл ретте, технология саласында 
жетекші Батыс елдерімен байланыс орнатылуы қажет. Бұдан өзге, ислам-
ның ғылым мен инновацияны қаржыландыруының, әсіресе, аграрлық сек-
торда және «жасыл» технология саласында маңызы аса зор. Саммиттің 
қорытынды құжаты болып ИЫҰ-ның 2026 жылға дейінгі ғылым, технология 
және инновация бойынша Бағдарламасы қабылданды. Астанадағы саммит 
ИЫҰ елдерінің ынтымақтастығы үшін ең алдыңғы қатарда – ғылыми-техно-
логиялық секторда өріс ашты, ислам әлемінің бірігуінің дәлелі болды. 
2017 жыл – Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 25 жыл-
дығы. Бұл уақыт аралығында 180-нен аса мемлекеттермен дипломатиялық 
қатынас орнатылған, шетелдерде 57 елшілік ашылды және Қазақстанда 
95 шетелдік өкілдіктер жұмысқа кірісті. Дипломатияның географиясы ұлғай-
ды. Бұрын Қазақстанның қатынастары, негізінен, Еуропаға, Азияға және 
Солтүстік Америкаға бағытталса, енді Латын Америкасы мен Африкаға қа-


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
481
рай ұлғайды, Орта және таяу Шығыспен байланыстар тереңдеп келеді. Қа-
зақстандық сыртқы саясаттың дәстүрлі көпқырлылығы бәрін қамтушы си-
патқа айналуда. 
2017 жыл Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында жаңа ке-
зеңнің қақпасын ашты. Сыртқы саясаттың қуатты тамыр лүпілі ішкі жүйелі 
жаңғыртуға тигізер әсерін күшейтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет