470
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Салтанатты рәсім кезінде сөйлеген сөзімде
біз өзіміздің экономика-
лық әлеуетімізді халқымыздың игілігінің гүлденуі үшін біріктіретінімізді атап
өттім. ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ахуалы пайда болды. Қабыл-
данған шешімдердің дұрыстығы мен біздің интеграциямыздың өміршеңді-
гін бүкіл әлемге өзіміз дәлелдеуге тура келеді.
Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім –
2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді, бұл оның алғашқы іскерлік қадамы еді.
Еуразиялық экономикалық одақ әу бастан-ақ өзге мемлекеттердің қо-
сылуы үшін ашық болды. Сонау 2011 жылы Кедендік одақ пен ЕАЭО-ға
қосылу жөніндегі ойын Қырғызстан, ал 2013 жылы Армения білдірді. Бұл
елдердің қосылуы бойынша «Жол карталары» жасалды. Нәтижесінде Ар-
мения ЕАЭО-ға – 2014 жылдың қазан айында, Қырғызстан – 2015 жылдың
тамызында қосылды.
Еуразиялық интеграцияның экономикалық әлеуеті зор.
Ұлттық эко-
номика көлемі 2,2 триллион долларды құрайды, халық саны – 182 мил-
лион адамнан асады. Кедендік шекаралардың болмауы бизнесмендерге
көлік шығындарын азайтып, жүк тасымалын жеделдетуге мүмкіндік берді.
Өнімнің бәсекелестігі артты. ЕАЭО-ға қатысу – білім беру, кәсіби, әлеумет-
тік, медициналық тең мүмкіндіктерге ие барлық азаматтарға табыс әкеледі.
Лев Гумилевтің 100 жылдық мерейтойын атап өту – мәдени маңызды
оқиға ретінде 2012 жылы қараша айында еуразиялық интеграцияға қаты-
сушы елдерде кеңінен аталып өтті.
Қазақстанның
ЕАЭО құрамында бола отырып, өсудің, экономикалық
еркіндіктің, инвестициялар тарту мен бизнесті
қолдаудың кеңістігіне ай-
налуына барлық негіз бар. Ал қисынсыз қорқынышқа бой алдырғандарға
мен 2011 жылдың қараша айында жауап берген едім: «КСРО-ның «қайта
жөнделуі» немесе «қайта тууы» келмеске кетті. Бұл бар болғаны – өткеннің
елесі, жорамал мен жеке бастың мақсаты».
Әрине ЕАЭО-ның бастапқы кезеңінде, жаһандық тұрақсыздық жағда-
йында бәрі де ойдағыдай жүріп кеткен жоқ. Сондықтан да 2015 жылы нау-
рыз айында мен ЕАЭО-ның тарифтік саясаты шиеленісті күйде екенін, ал
тарифтік емес кедергілер әлемдік тәжірибеге сәйкес еместігін ашып айттым.
2012 жылдың мамыр айында Астана қаласында
Вьетнаммен еркін сауда
жөніндегі келісімге қол қойылды, ал желтоқсан айында мемлекет басшы-
лары ЕАЭО мен Жібек жолы экономикалық белдеуін ұштастыру мүмкіндігін
қарастырды. Қытаймен ынтымақтастықтың «Жол картасын» жасау жұмысы
басталды.
2014-2015 жылдары өзара тату елдердің күш-жігерінің арқасында әлем-
де жаңа экономикалық ахуал – ЕАЭО пайда болды.