1
2
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1)шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
2)елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.
3)жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4)пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.[17; 448-456 бет]
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық «Мооdy′s Investors Service» рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.
3
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көп уақыт өтпей-ақ, яғни 1992 жылдың қаңтар айында мүше болды.
ЕҚЫҰ – Солтүстік Америка, Еуропа мен Орталық Азияның 56 мемлекетінің басын біріктіріп отырған әлемдік деңгейдегі іргелі ұйым.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесі алғаш рет осы ұйымның Тұрақты кеңесінің 2003 жылы 18 ақпанда өткен жиналысында айтылды. Ал Қазақстанның төраға болуына қатысты шешім 2007 жылы желтоқсанда Мадридте өткен ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданды. Сөйтіп 2010 жыл еліміз тарихындағы жарқын парақтардың бірі болып қалмақ. Бұл оқиғаның саяси маңызы – ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет бұл ұйымға ортаазиялық мемлекет төрағалық етуінде. Және Қазақстан – қазіргі таңда ТМД кеңістігінде бұл ұйымға төраға болған бірден-бір мемлекет.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған. Осы бағдарлама аясында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 — 99) іссапармен келді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 жылы болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орталық Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы Будапештте, 1996 жылы Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 жылы Будапештте, 1997 жылы Копенгагенде, 1998 жылы Ослода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдігі ашылған. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс Ван Дер Стул Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 жылы бастады. 1995 жылы екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Іс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс Ван Дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХI ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады. Орталық Азиядағы адам құқығының қорғалуы жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Демократилық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (Алматыда, 1994) семинары өтті. 1997 жылдың соңы, 1998 жылдың бас кезінде Алматыға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас хатшысы Джонкарло Арагон, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қазіргі төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Б.Горемек келді. Сапар барысында олар Қазақстан Президентімен, Премьер-Министрмен, Парламенттің палата Төрағаларымен, Қорғаныс және Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді. Әскери қауіпсіздік — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қызметіндегі маңызды сала. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым шеңберінде Еуропадағы әскери күштер туралы келісім 1990 жылы жасалған. Оған Қазақстан 1992 жылы қосылды. Бұл Келісім Атлантикадан Оралға дейінгі ядролық емес құрлықтағы әскер және әуе күштерін халықаралық заңдармен шектеп отыруға арналған. Қазақстан Парламенті мүшелері 1996 жылдан бастап Стокгольмдегі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Парламенттік ассамблеясының жұмыстарына араласып, ұйымға қатысушы елдер парламенттерімен тұрақты байланыс орнатқан.
4
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының келесі тиімді жақтары мен себептерін атауға болады. Олар: Қазақстанның Ресей экономикасымен күрделі байланыстылығы, Қазақстанда ішкі саяси тұрақтылық пен геосаяси қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне жанама әсері, ортақ әуе қорғанысы жүйесінің орнығуы, Ресейдің ірі нарқына кіріп, экономикалық бәсекелестікке бейімделудің мүмкіндіктері, геопсихологиялық жағынан Ресеймен бірге болу арқылы әлемдегі ықпалы мен атағын арттырудың мүмкіндігі, т.б. Сондай-ақ, Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың да келеңсіз әсері интеграциялық үдерістерді жеделдетті. Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін барлық тиімді және ықтимал зиянды жақтарын салыстыратын болсақ, Астана үшін артықшылықтарының басым екенін айта аламыз. Өйткені, қазір қазақтың саяси элитасы және елдің ішкі тұрақтылығы үшін интеграция өте-мөте тиімді. Қазақстанның геосаяси тұрақтылық жағдайында күшейіп алуы үшін Ресейді Батыспен немесе Қытаймен салыстыруға болмайды. Елдің болашағы тұрғысынан Ресеймен жақын ынтымақтаса отырып, оның экономикасымен бәсекелесіп, ысылып барып, дүниежүзілік бәсекелестікке дайын, қуатты Қазақ мемлекетін қалыптастыру мүмкіндігі зор және алдымызда нақ осы міндет тұр. Ал бұл мақсатты, яғни «2050» Стратегиялық жоспарын орындау үшін Ресеймен жақсы болу бірінші шарт. Осы тұрғыдан Қазақстан өзінің төңірігіне дұрыс баға беріп отыр. Ресеймен түсінісе алудың өзі үлкен геосаяси жетістік. Үлкен саясатта дөрекі қадамдар жасаудың орнына аяқты байыппен, ақырындап басып, ойды шатастыратын, жаттанды стереотиптерді бұзатын күрделі саясат жүргізу үлкен нәтижелер береді. Әрине, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі – үлкен саясатпен шектесетін үлкен экономика.
5
https://prezi.com/nvfhcz-cqnpe/presentation/
Достарыңызбен бөлісу: |