НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет32/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

1. 
ТАРИХИ
 
ӘДІЛЕТТІЛІК
 
САЛТАНАТЫ
 
ТӘУЕЛСІЗДІКТІ
 
ЖАРИЯЛАУ
 
ЖӘНЕ
 
ЕГЕМЕН
 
МЕМЛЕКЕТ
 
ҚҰРУ
 
СТРАТЕГИЯСЫ
 
Күні батқан КСРО және Қазақстан 
Б
ір мың тоғыз жүз сексенінші жылдардың соңы мен 1990-шы жылдардың 
басы аса қиын кезең болды. Мемлекеттің соңғы басшысы, қайта құру-
дың сәулетшісі Михаил Горбачевқа мұраға қалған көнерген және қабілетсіз 
кеңестік мемлекеттік машина сыр бере бастаған еді. КСРО ауыр да жүйелі 
дағдарысты бастан кешіп жатты. Негізінен ол жаңа билік шамасы жетпеген 
бағзы ішкі проблемалардан туындады, ал қолайсыз сыртқы факторлар бұл 
құбылысты күшейте түсті. 
Өнеркәсіп өндірісі күрт қысқарып, ұзаққа созылған шахтерлер ереуілі-
нен кейін көмір өндіру айтарлықтай азайып, елдегі мұнай өндірісі апатты 
деңгейге дейін төмендеді. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының арзандауы 
экономикалық ахуалды одан әрі қиындата түсті. 1990 жылы төлем балан-
сының керіс сальдосы 17 миллиард доллардан асты. Елдің валюта резерві 
сарқылып, ол шетелдік несиелер есебінен ғана өмір сүріп жатты. Шетелдік 
әріптестер кеңес басшылығына өтелмеген борыштары туралы жиі ескерте 
бастаған, сондай-ақ әлемде Кеңес Одағының көп ұзамай банкротқа ұшы-
райтынына сенімділердің қатары да көбейе түскен кез еді.
Мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін баспа станогын бар қуа-
тымен іске қосуға мәжбүр болды және сол арқылы айналымдағы қаржы 
массасын көбейтіп, ақыры оны бақылай алмай қалды. Рубль құнсызданып, 
дүкен сөрелері бос жатты, көптеген аймақтарда негізгі азық-түлік талонмен 
беріле бастады, алайда ұзын-сонар азық-түлік кезегінен ол да құтқара ал-
майтын. Алып елге ашаршылық қатері төнді. 
Осының бәрі – әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеліп соқты. Оның үстіне 
құйылған заңсыз қаржы ағымымен күшейген көлеңкелі экономика жаңа-
дан пайда болған бизнесті тұншықтыруға ұмтылған ұйымдасқан қылмыс 
қатарын көбейте түскен еді. 
Социалистік экономикамен бірге коммунистік идеология да күйреді. 
Онда – сталиндік репрессиялардың ауқымы, ұжымдастырудың аяусыз 
тәсілдері, жаппай ашаршылық сияқты тарихтың қасіретті беттері жайында 
ел азаматтарының көзін ашқан жариялылық ерекше рөл атқарды. Соның 


25
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
салдарынан қоғамда моральдық абырой-беделі күрт төмендеген ком-
мунистік партияның қатары да айтарлықтай сиреген болатын, ал оның 
билік монополиясына кепілдік беретін Конституцияның 6-бабы күшін 
жойғаннан кейін партия ресми түрде өзінің басшылық үстемдігінен толық 
айырылды. Кеңестік дәуірдің соңғы бір жарым жылында компартияның 
барлық мүшелерінің төрттен біріне жуығы, яғни 4,2 миллион адам оның 
қатарынан шығып кетті.
Ұлтаралық қатынастар шиеленісе түсті. Кеңес Одағының ұлттық аймақта-
рында тәртіпсіздіктер туындап, дүрдараздық қантөгіс пен соғыстарға ұла-
сты, ондаған, жүздеген мың адам босқынға айналды, ал оқиғаның бұлайша 
өрбуіне әзір емес билік толықтай дәрменсіздігі мен жағдайды бақылауда 
ұстау тізгінінен айырылғанын көрсетті. 
1987 жылы, ізінше 1990 жылы отқару, минометтер мен артиллерия қол-
данылған, нағыз соғысқа ұласқан Таулы Қарабахтағы әзербайжан мен 
армян халқының арасындағы жанжал басталды. 1989 жылы ұлтаралық 
қақтығыстар Сухумиде, Ферғанада, Оңтүстік Осетияда, Приднестровье-
де, 1990 жылы Бакуде, Душанбеде, Ошта көрініс берді. Балтық жағалауы
республикаларындағы жағдай да өте күрделі болатын.
Ол кезде кеңестік Қазақстан үкіметін басқаратын мен оқиғаның бұлай-
ша өрбуі КСРО-ның күйреуіне әкеліп соғатынын білгендіктен, орталыққа 
талай мәрте ұлтаралық мәселелерге қатысты жауапты да байсалды ұста-
ным керектігін айтуыма тура келді. Мен президент лауазымында болған 
кезімде де өз көзқарасымнан айныған жоқпын, сол ұстанымда қалдым. Бұл 
біздің тәуелсіз елімізді бұрынғы Одақ аясындағы көршілеріміздің басына 
түскен қасіретті сынақтардан сақтап қалуға септігін тигізді.
1990-шы жылдардың басынан бастап республикаларда Одақ құра-
мынан шығып, тәуелсіздік алуға ұмтылған саяси қозғалыстар пайда болды. 
Кеңестік басшылықтың 1989 жылы Тбилисиде, 1990 жылы Бакуде және 1991 
жылы Вильнюсте күш қолдануға тырысқан әрекеттері кері нәтиже берді: 
қарсылық күшейіп, тіпті бұқаралық сипат ала бастады. Жергілікті билік те 
оған бейжай қарай алмайтын дәрежеге жетті, соның салдарынан 1991 жыл-
дың көктемінде он бес республиканың алтауы Кеңес Одағын сақтап қалу 
қажеттігі туралы бүкілодақтық референдумға қатысудан бас тартты.
Сол жылдардың аласапыран оқиғалары біз үшін ащы да маңызды са-
бақ болды. Өз заманындағы құдіретті державаның күрт құлдырауының 
себептерін түсінген және кеңестік басшылықтың тактикалық қателіктерін 
талдаған біз КСРО-да болған оқиғалардан маңызды сабақ алдық. Сол са-
бақтар Қазақстанның алдынан шыққан көптеген қиындықтарды жеңуімізге 
көмектесті. Ол кездегі республика өнеркәсібінің дені (93 проценті) орта-


26
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
лыққа бағынышты болғанын айтсам да жеткілікті болар. Демек кеңестік эко-
номиканың құлдырауының зардабын қазақстандықтар толығымен бастан 
өткерді.
Осынау күйреудің қатерлі салдары да көп күттірген жоқ. 1989 жыл-
дың 19 маусымында қарағандылық шахтерлер лайықты жалақы, еңбек 
жағдайының жақсаруын және азық-түлікпен тоқтаусыз қамтамасыз етуді 
талап етіп ереуілге шықты. Олардың әрекеті аймақтың экономикасын то-
лықтай құлдыратты, егер ереуіл толқыны одан әрі өрістесе, Қазақстанды 
не күтіп тұрғанын көзге елестетудің өзі қорқынышты еді. Өздерінің жеке 
мақсаттары мен мүдделері үшін қазақстандықтардың санасын қасақана 
улап, кешегі бейбіт көршілер арасында этностық және діни алауыздық 
тудырған саясаткерсымақтар отқа май құя түсті.
Көлемі жөнінен Кеңес Одағында екінші орын алатын республикаға 
қоғамдық жікке бөліну қатері төнді. Орталық республика басшылығына 
тағайындаған Г. Колбин бұл қатердің алдын алуға дәрменсіз екені түсінікті 
болды. Ол апатты процестерді тоқтататындай көшбасшы болмақ түгілі, са-
уатты басшы да емес болатын. Түбегейлі саяси өзгерістердің уақыты келді. 
1989 жылдың мамыр айында мен КСРО халық депутаттарының І 
съезінің мінберінен елдің мүшкіл жағдайы одақтық биліктің көп жылдық 
тиімсіз саясатының салдары екенін ашық мәлімдедім. «Одақтық билік қазір 
де экономика мен ұлттық саясатта қиындықты үстемелеп, Кеңес Одағы 
сияқты теңдессіз мемлекеттік құрылымды құрдымға жіберетін қателіктерін 
жалғастыруда.
Жергілікті жағдайды білмейтін, ұлттық ерекшеліктерді түсінбейтін, жер-
гілікті халыққа абырой, беделі жоқ келімсектерді республикалардың бас-
шылығына тағайындауға мүлдем болмайды. Бұл басқарудың өрескел қате 
тәжірибесі, төніп келе жатқан экономикалық апат осының тікелей салда-
ры» дедім.
Мен не туралы айтып тұрғанымды жақсы білдім. Ұлт көшбасшысы қан-
дай болуы қажеттігі және оның артатын жүгі қаншалықты екенін мен талай 
рет ой елегінен өткізгенмін. Мен үшін ұлт көшбасшысы болу – милли-
ондаған отандастарың үшін, өз халқыңның тағдыры үшін бүкіл жауапкер-
шілікті арқалау деген сөз. Халқыңның туған перзенті болсаң, еліңмен ете-
не өмір сүрсең, құндылықтарың мен мақсаттарың жұртыңмен ортақ болса 
ғана ондай орасан жауапкершілікті көтере аласың. 
Осындай айрықша маңызды және мені ерекше алаңдататын нәрселерді 
мен мінберден қарапайым, түсінікті тілмен жеткізуге тырыстым. Мен же-
тесіне жеткізе айтып, жұрттың түсінгенін қаладым, ақыры солай болды да. 
Өзге де ұлттық республикалардағы әріптестерімнен қолдау тапқан менің 


27
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
сөзім тек съездің ғана емес, тұтас елдің пікірталасын туғызды. Ал одақтық 
басшылық республикалармен қатынаста аяғын аңдап басатын болды. 
Мен мұны алғашқылардың бірі болып көрдім. 1989 жылы 22 маусымда 
өткен коммунистік партияның Орталық Комитетінің Пленумында мені Қа-
зақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп 
сайлады. Орталық Комитеттің 158 мүшесінің 154-і мені қолдап дауыс берді. 
Осылайша мен республика басшысы атандым. Одақтық орталық бұл 
шешімді қабылдамас бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттарымен 
және облыс басшыларымен ақылдасып, ғалымдарымыздың, жазушыла-
рымыздың пікірін зерттеді, республика тұрғындары арасында сауалнама 
жүргізді. Сол бір қиын-қыстау кезеңде «Қазақстанның тағдырын қазақстан-
дықтар өздері шешуі керек» деген менің берік ұстанымыма ортақтасып, 
тілектестігін білдірген барлық отандастарыма ризалығым шексіз.
Хатшылыққа сайланғаныма бірнеше күн өткен соң кеңестік басшы 
Михаил Горбачевтің өтінішімен, ереуілге шыққан шахтерлермен кездесу 
үшін Қарағандыға ұшып келдім.
Қарағанды – менің көз алдымда салынған, мен үшін өте ыстық қала. 
Еңбек жолым сол жерден басталды. Мен ондағы әрбір кәсіпорынды жақсы 
білетінмін, тіпті Қарағандыда мен тікелей танымайтын директор немесе бас 
инженер жоқ.
Қарағанды облысы Қазақстанның шағын үлгісі десе де болады, онда 
біздің республикамызда тұратын барлық ұлттардың өкілдері жиналған. 
Шахтердің ауыр еңбегі ондағы адамдардың принципті, қатаң және шын-
дық іздеп шырылдайтын ерекше «қарағандылық мінез-құлқын» қалыпта-
стырған.
Әлі күнге дейін есімде, ұшақ әуежайға келіп тоқтағанда мен иллюми-
натордан өзімді траптан күтіп алғалы тұрған Қарағанды облысының бас-
шыларын көрдім. Қаладағы күрделі жағдай олардың тұнжыраған жүздеріне 
көшкендей еді.
Ереуілдің себептерін ойша сараптаған мен, ұшақта отырған кезде-ақ
қала алаңындағы мыңдаған адаммен кездескенде түңілген халықтың тілін 
тауып, қалай да өзіме олардың көңілін аударым қажет деп шешім қа-
былдаған болатынмын. Билік ендігі жерде олардың талаптарын елемеуді 
доғаратынына, тағдырларына жауапты боларына кеншілердің көзін жеткі-
зу керек еді. Мен тек конструктивті әрекеттестік арқылы ғана біз асқынған 
проблемалардың шешімін таба алатынымызды адамдар сезінгенін қала-
дым.
Қаланың қақ ортасындағы Совет даңғылында бізді наразы әрі 
агрессиялық көңіл күйдегі жүздеген шахтер күтіп тұр екен. Ұзаққа созылған 


28
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ереуілден шаршаған, қара қожалақ шахтер киімін киіп, көздері ғана жыл-
тыраған олардың көпшілігі үн-түнсіз отырып алып, асфальтты каскала-
рымен ұрғылап жатты. Кейбір шахтерлер мұнда тура көмір кенішінен кел-
ген, олардың беттеріндегі күйе одан әрмен адамдардың сұрын қашырып, 
ереуіл басындағы ахуалды тіптен түнертіп тұрды. Жағдай әбден ушыққан 
еді, көрініс те жайсыз болатын. Шахтерлердің кәсіподақ жетекшілері об-
лыс басшылығымен келіссөзден бас тартып, тікелей Назарбаевпен кезде-
суді талап етті. Мен де тіке ереуілшілерге тарттым.
Мен шахтерлермен бірнеше сағат сөйлестім. Олардың талаптарын 
мұқият тыңдап, мәселе биліктің еркінде ғана емес, елдің қазіргі қиын 
жағдайына тәуелді, шектеулі мүмкіндікке де байланысты екенін сабырмен 
түсіндірдім. Сосын шахтерлерден өз өкілдерін сайлауды өтіндім, әрі қа-
рай келіссөздер жауапты министрлердің қатысуымен «Қарағандыкөмір» 
комбинатының әкімшілік ғимаратында жалғасты. Кездесу таң ағарғанда 
ғана аяқталды. 
Біз мәмілеге келдік. Шахтерлердің бірінші кезектегі қажеттіліктері қа-
нағаттандырылды. Мұндай келіссөздер Қарағанды облысындағы барлық 
шахтер қалашықтарында – Шахтинскіде, Саранда, Абайда жүргізілді. Көп 
ұзамай ең өткір мәселелер шешілді де, қарағандылықтар ереуілді тоқтатты. 
Бұл кезде КСРО-ның басқа көмір өндіруші аймақтарындағы жаппай толқу-
лар одан әрі жалғасып, күшейген үстіне күшейе түскен болатын. Ол біздің 
күрмеуін табу мүмкін еместей көрінетін күрделі мәселелерге батыл кірісу 
қажеттігін көрсеткен алғашқы жеңісіміз еді. Оған қоса, мен мұндай мәсе-
лелерді қалай шешу керегін де сезіндім. Жұмысымның басты бағыты етіп 
экономиканы таңдауым дәл сол кезден басталды. Мен мұндай ұстаным-
ның өзіме ұнайтынын да ешқашан жасырған емеспін. «Әуелі – экономика, 
содан кейін саясат» деп үнемі айтып келемін. Мені сол үшін сынағандар да 
болды. Саясатты адамдардың игілігі мен тыныштығынан жоғары қоюдың 
кесірінен КСРО-ның күйрегенін өз көзімізбен көрдік емес пе.
Мәселенің байыбына бару республикадағы ауыр экономикалық жағдай-
ды әп-сәтте жөндеуге болады деп үміттенуге еш мүмкіндік берген жоқ. 
Жоғарыда айтып өткенімдей, ол кезде Қазақстан экономикасы орталыққа 
толықтай тәуелді болатын. Аса маңызды отын-энергетикалық, әскери-
өнеркәсіп және кен-металлургия кәсіпорындарының бәрі орталыққа тіке-
лей бағынатын. Біздің металдарымыз бен мұнайымыздың, астығымыздың 
экспортынан түскен валюталық кіріс Одақтың бюджетінде қалатын. Қыруар 
қаржы тапса да, Қазақстанның оны пайдаланатын мүмкіндігі болмады. 
Республика Одақтың бюджетінен бөлінген дотацияларды қанағат ету-


29
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
ге және орталықтың масылдық туралы әділетсіз де тұрақты ескертулерін 
тыңдауға мәжбүр болды. Жағдайдың драмалық парадоксы да осы. 
Бұған мойынсұнып отыра беруге болмайтын еді. Мен өзінің бас аман-
дығын ғана күйттеген және әрекетсіздіктен құрдымға батып бара жатқан 
әкімшілік жүйенің өкілі болғым келмеді. Мен республиканың әл-ауқатын 
жақсартуды және оның болашағы үшін жауапкершілікті өз мойныма ал-
дым. Сол себепті, Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз 
ету жөніндегі ниетімді жария еттім. 
Менің тапсырмам бойынша, республиканың жетекші экономистер тобы 
Қазақстанның өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру тұжырымда-
масын жасады. Біз жер мен табиғи байлықты Мәскеудің әкімшілік өктемді-
гінен босатып, республиканың біржола меншігі деп жариялауды ұсындық. 
Біз дербес шаруашылық жүргізудің, оның ішінде сыртқы экономикалық 
қызмет жүргізудің де құқығын ала отырып, одақтық бюджет дотациясынан 
толықтай бас тартуға дайын едік. Дегенмен, Қазақстанның ешкімге масыл 
еместігін дәлелдеу ниеті жалпыодақтық министрліктер тарапынан қолдау 
таппады. Кеңестік басшылық тұжырымдаманы қабылдаған жоқ.
Орталықпен 
арадағы 
экономикалық 
дербестік 
жолындағы 
күресте шала-шарпы шаралармен жеңіске жету мүмкін еместігі анық бол-
ды. Жеңу үшін партиялық ұйым мен республика басшылығын бір қолға 
ұстатқан мемлекеттік басқарудың кеңестік үлгісінен толығымен бас тартып, 
президенттік институтты құру керек еді. Сонда жоғарғы биліктің иесі Мәскеу 
тағайындайтын және субординацияға сәйкес елдің партиялық басшылығы-
на бағынуға міндетті республика партия комитетінің бірінші хатшысы емес, 
керісінше халықтың сенім мандатына ие Президент республикадағы жоға-
ры биліктің нышанына айналады.
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-
інің Президенті мәртебесін бекітті. Дауыс берудің қорытындысы бойынша
көпшілік дауыспен (қолдағандар – 317, қарсы болғандар – 18) республика-
ның жоғарғы өкілетті органы маған президенттік өкілеттік берді.
Мұндай қадамға баруды бізден өмірдің өзі талап етті. Өйткені экономи-
ка мен ұлттық саясаттағы одақтық құрылымдардың өктем тәсілдеріне қарсы 
тұратын басқа амал болған жоқ. Тек атқарушы және заңнамалық билік тар-
мақтарының ерік-жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыра алатын президенттік 
билік қана бүкіл мемлекеттік механизмнің тиімді қызметін қамтамасыз етіп, 
экономикадағы қатаң орталықтандырудан арылып, республика мен оның 
азаматтарының мүдделерін қорғай алатын еді.


30
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет