Негіздері



Pdf көрінісі
бет106/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

1.6.12 Вакуольдер 
Тӛменгі және жоғары сатыдағы ӛсімдіктер мен кейбір жануарлар 
жасушасында вакуоль кездеседі. Вакуоль – сұйықтыққа толы қуыс, 
цитоплазмада орналасады (41-сурет). Жас жасушаларда ұсақ, ал жетілген 
жасушаларда олар бір-бірімен қосылып, ірі вакуольге айналып, жасушаның 
80% дейінгі кӛлемін құрайды. Орталық вакуольдер бір мембранамен 
шектелген, мембранасының қалыңдығы плазмалеммаға сәйкес келеді.
Орталық вакуольді шектейтін мембрананы 
тонопласт 
деп атайды. 
Вакуольдер эндоплазмалық тордан үзіліп шыққан ұсақ кӛпіршіктердің 
бірігуінен пайда болып, ядро мен цитоплазманы және органоидтарды 
жасушаның шетіне қарай ығыстырады. 


77 
Вакуольдің қуысы жасуша шырынына толы болады, оның құрамында 
бейорганикалық тұздар, қант, органикалық қышқылдар, оның тұздары және 
тӛменгі молекулалы қосындылар, сонымен қатар белоктар да кездеседі. 
Орталық вакуольдер әртүрлі және маңызды функциялар атқарады: 
1. Жасушаның тургорлық, осмостық қысымын анықтайды; 
2. Әртүрлі молекулаларды белсенді тасымалдайды; 
3. Қоректік заттарды жинайды (қант, белоктар, пигменттер); 
4. Экскрециялық қызмет атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет