а, b
, каротин және ксантофил.
40 – сурет. Хлоропластың қҧрылысы
1
– хлоропласт; 2- цитоплазма; 3 -
сырткы мембрана; 4
-
ішкі мембрана; 5 -
макрикс (строма); 6 - ламеллалар (тилакоидтар); 8 - граналар.
Жоғары сатыдағы ӛсімдіктер мен балдырларда хлорофилдер
а
мен
b
болса, қарапайымдыларда хлорофилл
а
ғана болады және жапырақтарға
қарағанда үш есе артық болады. Кейбір балдырларда хлорофилл
b
жоқ, оның
орнына
с
және
d
хлорофилдері болады. Хлорофилл
с –
қоңыр балдырларда,
d
–
қызыл балдырларда кездеседі.
Хлоропластың ішкі құрылысы күрделі. Мембрананың ішкі жағы түссіз
строма
немесе
матрикспен
толтырылған, оның денесі гидрофильді белок-
липоидты қосылыстан тұрады (40-сурет).
Пластидтерді зерттеген ғалымдардың пікірі бойынша, олар ұрық пен
түзуші ұлпалардың жасушаларында кездесетін түссіз пропластидтерден
дамыған. Хлоропластар пропластидтерден даму процесі кезінде, оның
матриксінде күрделі мембраналы жүйе пайда болады. Хлоропластың ішкі
мембранасының қатпарларынан стромада оған кӛлденең орналасқан
75
ламеллалар
немесе
тилакоидтар
деп аталатын қос мембраналы тақталы
құрылымдар түзіледі. Әрбір тилакоид хлоропластың қабықшасы секілді екі
мембранадан тұрады. Ламеллалар бір-біріне паралель жанаса келіп, топтасып
аса ұсақ денелер -
граналар
түзеді. Граналардағы ламеллалар ұштары бір-
бірімен жалғасып, тұйықталуынан диск пайда болады. Стромадағы граналар,
грана аралық тилакоидтар арқылы байланысады. Хлоропластың пигменттері
стромада
шашырамай
ламеллаларда
жинақталған.
Хлоропластар
стромасындағы тилакоидтар жүйесінен басқа рибосомалар, крахмал дәндері,
ДНҚ жіпшелері және пластоглобулдар бар. Крахмал дәндері фотосинтез
ӛнімдерін уақытша жинайтын орын. Ӛсімдіктер 24 сағат қараңғы жерде тұрса
крахмал дәндері жойылып кетеді де, жарыққа шығарғаннан кейін 3-4 сағат
ішінде қайта пайда болады.
Хлоропластар қарапайым бӛліну жолымен кӛбейеді, жартылай автономды
органоидтар. Кейбір белгілері бактерияларға ұқсас. Мысалы, бактерияның
рибосомалары сияқты, хлоропластың рибосомалары эукариоттардікінен 3 есе
кіші болады. Бактериялар мен хлоропластарда белок синтезі хлорамфетикол
антибиотигімен тежеледі, ал эукариот жасушаларында оның әсері кӛрініс
бермейді. Бактериялар мен хлоропластарда ДНК жіпшелері бар бӛлімшелер
болады. Пластидтер мен бактериялардың ДНҚ-ы бірдей, яғни, мембранамен
қоршалмаған, гистондармен байланыспаған, пішіні сақина тәрізді.
Хлоропластардың басты қызметі - фотосинтез. Сонымен қатар олар амин
қышқылдары мен май қышқылдарының синтезіне қатысады. Крахмалдың
қорын уақытша жинайды.
Лейкопласт -
қос мембраналы, құрылымсыз стромасын мембранасы
қоршап жатады. Ішкі мембрана стромаға қарай ӛсіп аздаған тилакоидтар
түзеді. Құрылысы ӛте қарапайым, проластидтерге ұқсас болып келеді.
Лейкопластар қоректік заттардың қорын, әсіресе крахмал жинақтайтын
түссіз, домалақ пластидтер. Лейкопластарда ДНҚ, рибосомалар, сондай-ақ
қор заттарының (крахмалдың) синтезі мен гидролизін жүргізетін ферменттер
болады. Қор ретінде жиналған крахмал фотосинтез кезінде хлоропластарда
пайда болған кӛмірсулардан синтезделінеді.
Хромопластар
лейкопластар мен хлоропластардың стромаларында
каротиноидтардың жиналуынан пайда болатын қызғылт-сары және сары
түсті пластидтер. Олар гүл күлтелерінде, піскен жемістерде, кей жағдайларда
- тамырсабақтарда, күзгі жапырақтарда кездеседі. Хромопластар -
пластидтердің жетілулерінің соңғы кезеңі. Жинақтала келе каротиноидтар
кристалданулары мүмкін. Кристалл
мембраналарды жарып, пластид сол
кристалдың пішініне ие болып, ине, ромб, кӛпбұрыш тәрізді болады.
76
Каротиноидтардың
бар
болуынан
қызғылт-сары
түске
боялатын
хромопластар белгілі бір қызметтер атқармайды.
Пропластидтер
-
ұсақ түссіз немесе ашық-жасыл түсті жетілмеген
пластидтер, оларды ӛсімдіктердің сабағы мен тамырының бӛлініп жаткан
меристемалық жасушаларынан кӛруге болады. Олардан хлоропласттар,
лейкопласттар және хромопласттар түзіледі. Егер, пропластидтердің
пластидтерге дейін дамуына жарық жетіспесе, оларда бір немесе бірнеше
Достарыңызбен бөлісу: |