Негіздері



Pdf көрінісі
бет150/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

1.8.6 Митоз
Митоз
– сома жасушаларының негізгі бӛліну әдісі, мұнда ядроның 
күрделі немесе тікелей емес бӛлінуі жүреді. Митоз бірінен соң бірі жүретін 


105 
тӛрт фазадан тұрады: 
профаза, метафаза, анафаза 
және 
телофаза
(48- 
сурет). Митоздың нәтижесінде пайда болған жас жасушалардағы 
хромосомалардың саны мен сапасы аналық жасушадағымен бірдей болады. 
Митоз - бұл хроматидтер бір бірінен ажырап, екі жас жасуша арасында 
теңдей бӛлінетін, ядроның бӛліну процесі. 
Сомалық жасушаның митоздық бӛліну кезіндегі әр фазасында жүретін 
ӛзгерістердің сипаттамасы: 
Профаза

ядрода хромосомалар спиралданады, микроскопта жіпшелер 
тәрізді кӛріне бастайды, әр хромосома екі хроматидтен тұрады және олардың 
арасы когезин ақуызының кӛмегімен байланыста болады. Хромосомаларда 
РНҚ-ның синтезі толық тоқтайды, рибосомалық гендердің активсізденуіне 
байланысты ядрошықтар жойылады, бірте-бірте ядро мембранасы да 
бұзылып, кӛпіршіктерге айналады. Цитоплазмада ӛзгерістер жүріп, ЭПТ мен 
Гольджи аппараты жойылып, екі диплосомалар жасушаның полюстеріне 
қарай жылжып, бӛліну ұршығының қалыптасуына қатысады. 

Метафаза
-
хромосомалар максимальді дәрежеде спиралданады және 
жасушаның экваторлық кеңістігіне қатарласа орналасады, хромосомалардың 
метафазалық пластинкасын немесе аналық жұлдызшаны түзеді. Бірте-бірте 
хромосомалардағы хроматидтер арасындағы когезин ақуыздары бұзылады. 
Метафазаның соңына хроматидтер бір-бірінен толық ажырап, тек центромера 
аймағында байланыс бар сияқты болады.
Тубулин ақуызының полимеризациясы нәтижесінде бӛліну ұршығы 
қалыптасады. Оның құрамына 3 түрлі микротүтіктер кіреді: 
1. Кинетохорлы – хроматидті диплосоманың бір жіпшесімен
байланыстырады. 
2. Полярлі – бір диплосомадан ұршықтың орталығына бағытталады, онда 
басқа полюстің микротүтіктерімен бүркенеді. 
3. Астарльді – диплосомадан жасушаның үстіңгі жағына бағытталған.
Анафаза
-
митоздың ең қысқа фазасы, әр хромосомадағы хроматидтер 
спиралданған жағдайларын сақтай отырып, бір-бірінен ажырап, қарама-
қарсы полюстерге қарай жылжиды. Осы кезде олардың центромералары 
полюске, теломерлері экваторға бағытталады. Сондықтан, пайда болған екі 
жас жасуша, бір хроматидтен тұратын хромосоманың толық және теңдей 
жиынтығын алады. 
Хромосомалардың жылжуы бірнеше факторлармен қамтамасыз етіледі: 
1. Бӛліну ұршығының микротүтігі қатысады: 
- кинетохорлы микротүтіктер қысқарады, 
- полярлы микротүтіктер ұзарады. 


106 
2. Ақуыз-транслокаторлар қатысады: 
- оның біреуі хромосомаларды кинетохор түтігінің бойына орналастырады, 
- басқасы полярлы микротүтіктерді бір-бірінен шет жаққа қарай ығыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет