қалыптасу аймағы бар. Бұл аймақта сперматидтердің ядросы тығыздалып акросома аппараты
қалыптасады. Бұл кезеңде цитоплазма мӛлшері азаяды. Сперматидтер
кішірейеді, құйрығы пайда болып, нағыз
сперматозоидтарға айналады.
2.
Овогенез – аналық жыныс жасушасының (жұмыртқаның) пісіп жетілуі
(53-сурет). Овогенез үш кезеңнен тұрады:
көбею, өсу, пісіп жетілу . Бірақ,
қалыптасу кезеңі болмайды. Сонымен қатар, овогенездің ӛзіндік
ерекшеліктері бар. Овогенез аналық жыныс безінде ӛтеді. Алғашқы
жасушалар –
овогониялар көбею және
өсу кезеңдерінен ӛтеді (туылғанға
дейін). Мұнда овоциттер қалыптасады.
Бірінші реттік овоциттердің мейоздық бӛлінуі эмбриогенездің 2, 4 айында басталады. Мейоз
профазасының диакенез кезеңіне жетіп, ұзақ уақытқа (туылғанға дейін)
тоқтайды. Қыз бала жыныстық жетілген кезден бастап, лютеиндеуші гормон
әсерінен мейоздың екінші бӛлінуі метафаза кезеңіне дейін жүреді де,
қайтадан тоқтайды. Мейоздың екінші бӛлінуі ұрықтанған соң аяқталады.