Мейоздың генетикалық маңызы : Мейоздың нәтижесінде галпоидты
жиынтығы бар жыныс жасушалары түзіледі. Ұрықтану кезінде екі гаметаның
ядросы қосылып, зигота түзеді, хромосомалардың диплоидты жиынтығы
қалыптасып, сол түрге тән хромосомалар санының тұрақтылығы сақталады.
Мейоз кезінде
кроссинговер және гомологтық хромосомалардың кездейсоқ ажырауы нәтижесінде генетикалық материалдың рекомбинациясы жүріп,
комбинативті ӛзгергіштікті қамтамасыз етіп, жаңа белгілер жарыққа
шығады.
Сперматогенез бен овогенездің айырмашылығы
: 1. Сперматогенезде кӛбею кезеңі ұзақ (сперматозоидтердің саны
жұмыртқа жасушалардан біршама кӛп). Овогенездегі ӛсу кезеңі
сперматогенезге қарағанда ұзақ. Жұмыртқада қажетті қорек заттардың қоры
жиналады.
2. Овогенездің пісіп жетілу аймағында мейоздың әр бӛлінуі сайын
түзілген жас жасушаларда цитоплазма біркелкі бӛлінбейді. Сондықтан бір ірі
(екінші реттік овоцит) және үш цитоплазмасы жоқ бағыттаушы денелер
түзіледі. Бұл денелер біраз уақыттан кейін тіршілігін жояды. Олай болса,
овогенезде бір ғана жұмыртқа жасушасы пайда болады. Ал, сперматогенезде
4 сперматид түзіледі.
3. Сперматогенездегі қалыптасу кезеңі овогенезде жоқ.