68 – сурет. Бластуланың типтері 1 - целобластула; 2 - амфибластула; 3 - дискобластула;
4 - бластоциста; 5 - эмбриобласт; 6 - трофобласт.
Сыртқы орта факторларының бӛлшектенуге әсері. Зиготаның
бӛлшектенуіне сыртқы орта факторлары әсер кӛрсетеді. Ӛйткені, әрбір
ағзаның дамуы ӛзін қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Бұл
байланыс филогенез барысында қалыптасқан. Бӛлшектенуге әсерін тигізетін
факторлар: сұйықтықтың қасиеттері, химиялық құрамы, осмостық қысым,
сыртқы ортаның температурасы, оттегінің мӛлшері.