Инвагинация Иммиграция Деляминация Эпиболия 69- сурет. Гаструляцияның тҥрлері 2. Иммиграция – бұл процесс ішек қуыстыларға тән. Бластодермадан
кей жасушалар ішке қарай ығысып шығып, бӛліну жолымен кӛбейіп, бір –
бірімен байланысып, тұтасу нәтижесінде ішкі энтодерма қабатын түзеді, ал
сыртында қалған қабат эктодерманы құрайды.
3. Деляминация – кезінде ұрық жасушалары параллелді бағытта
кӛлденеңінен бӛлініп екі қабат түзеді. Бұл центролециталді жұмыртқасы бар
ағзаларға тән.
4. Эпиболия – жұмыртқаның анималді полюсіндегі жасушалар тез
кӛбейіп, вегетативті полюсті жауып, эктодерма қабатын құрайды, ал ішкі
қабатынан энтодерма түзіледі. Бұл телолециталді жұмыртқасы бар ағзаларға
тән.