Негіздері


Макрофагтар немесе гистиоциттер –



Pdf көрінісі
бет295/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

Макрофагтар немесе гистиоциттер – 
ӛте ірі, арнайы қызмет 
атқаратын, организмде қорғаныс жүйесіне қатысатын жасушалар тобына 
жатады. Макрофагтардың екі түрі бар: 
1. Бос түріне – борпылдақ дәнекер ұлпаның гистиоциттері, серозды 
қабықтағы макрофагтар, ӛкпе макрофагтары жатса;
2. Бекінген түріне – сүйек ұлпасындағы, сүйек кемігіндегі, кӛк бауырдағы
лимфа 
түйіндеріндегі, 
эпидермистегі 
(Лангерганс 
жасушалары), 
планцетадағы макрофагтар жатады. 
Борпылдақ дәнекер ұлпасындағы саны фибробластармен шамалас. Олар 
борпылдақ дәнекер ұлпаларда ұсақ қан тамырлары мен май жасушаларының 
жиналған жерінде орналасады. Қабыну процестері кезінде гистиоциттер 
қабыну ошағына жиналып, бӛгде денелер мен белоктарды фагоцитоздап
лизосомалардың гидролиздеуші ферменттерінің кӛмегімен оларды жойып 
отырады. Қабыну ошағыңда гистиоциттер үлкейіп, ӛсіп макрофагтарға 
айналады. Лимфалық жүйенің ретикулалық жасушаларымен қосылып, 
организмнің ретикулалық эндотелиальді жүйесін құрайды. Гистиоциттер 
қажет болған жағдайда псевдоподиялар кӛмегімен амебаша қозғалады.
Цитоплазмасын фибробластікімен салыстырғанда қанық боялады,
жасушаларға тән органоидтардың бәрі бар. Пішіні тұрақсыз және 
физиологиялық қасиеттері түрліше болуына байланысты гистиоциттерді 
полибластар деп те атайды. Макрофагтар бағаналы қан жасушаларынан, 
оның ішінде промоноциттер мен моноциттерден дамып жетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет