борпылдақ дәнекер ҧлпа және тығыз дәнекер ҧлпа, арнайы дәнекер ҧлпа. Тығыз дәнекер ұлпа
қалыптасқан және қалыптаспаған тығыз дәнекер ҧлпа болып екіге бӛлінеді.
Дәнекер ұлпа күрделі құрылым, оның құрамында ұрық мезенхимасынан
дамитын түрлі жасушалар, жасушалардың ӛлі ӛнімдері болып саналатын
талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротиннен,
хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан тұратын сұйық немесе
қоймалжың аморфтық матрикс болады. Дәнекер ұлпаны құрайтын жасушалар
әдетте, бір-бірінен қашық орналасады.