Негіздері



Pdf көрінісі
бет371/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

механорецепторлар.
Механорецепторлар – рецепторлардың жабайы түрі, 
тітіркендіргіштердің әсер кӛрсету күшінің дәрежесіне байланысты жауап 
береді. Механорецепторлар сүт безінде, сіңірлер мен буындар маңында, 
терінің борпылдақ дәнекер ұлпасында, ішектің шарбы майында, ұйқы 
безінде, ішкі мүшелердің дәнекер ұлпасында және қан тамырларының 
маңында орналасады.


267 
Бұл рецепторлар дәнекер ұлпалық капсуладан, сезімдік нейронның 
дендриттерінен және олардың арасында орналасқан нейроглиялык 
жасушалардан тұрады. Дендрит нейроглиялық жасушалармен бірге Фатер-
Пачинидің ішкі колбасын түзеді. Ішкі колба сыртқы колба деп аталатын 
дәнекер ұлпалық қабықшамен қапталған. Фатер-Пачини денешіктері терінің 
терең қабаттарында және барлық ішкі мүшелерде кӛп кездеседі. 
Тері негізінің емізікше қабатында механорецепторлар болып есептелетін, 
сипауды сезетін денешіктер немесе Мейснер денешіктері орналасқан. Олар 
олигодендроциттерден тұрады. Мейснер денешіктері сұйыққа толы, жұқа 
дәнекер ұлпалық капсуламен қапталған иретілген жүйке ұштары. Мейснер 
денешіктері саусақтар ұшында, ерінде, алақан мен табанда, тілде, жыныс 
мүшелерінде, емшекте жинақталған.
Миелинді жүйке талшығы денешікке кіргеннен кейін миелинінен 
ажырап, глиялық жасушалардың беттерімен жанасатын бірнеше терминалді 
бұтақтарға бӛлінеді. Денешіктің капсуласы коллагендік талшықтардан 
түзілген, ӛте жұқа болып келеді. Капсуламен қоршалған жүйке ұштарының 
осы тобына, мүшелердің дәнекер ұлпасында болатын генитальді денешіктер 
жатады. Бұлардың ерекшеліктері дәнекер ұлпалық капсуланың астына бір 
орталық (ӛстік) цилиндр емес, бірнеше орталық цилиндр (2— 3) енеді. Олар 
капсуланың астында глиялық жасушаларды шырмайтын бұтақтар құрайды.
Краузе колбалары адам денесінде кеңінен тараған, ол орталық цилиндрден, 
ішкі глиялық колбадан және сыртқы дәнекер ұлпалық капсуладан тұрады. 
Терінің дәнекер ұлпалық қабатында, кілегей және сероздық қабықшаларда
терморецепторлар орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет