39
Тітіркенгіштік
. Жасушалар сыртқы ортаның әртүрлі тітіркендіретін
әсерінен
қозады
.
Қозғыштық
- барлық тірі ағзаға тән қасиет. Мысалы,
суықтың,
ыстықтың,
жанасудың,
химиялық
заттардың
барлығы
тітіркендіретін факторлар.
Көбею
жасушалардың бӛлінуі арқылы жүзеге асады. Алдымен ядро,
содан соң цитоплазма екіге бӛлінеді. Әрбір бӛлінудің алдында ядродағы
хромосомалар ұзынынан екі еселеніп, бір-бірінен ажырап, жас жасушаларға
бӛлініп, хромосомаларды түзеді.
Өсу мен даму
зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жәй заттардан
күрделі ағзалық заттар (белок, майлар, кӛмірсулар) түзіліп, жасуша ӛседі.
Цитоплазма мен ядро дамиды. Ересек жасушалардың жаңа пайда болған
жасушалардан кӛптеген айырмашылықтары бар екені байқалады.
Көбею
- тіршіліктің қалыпты сақталуын, ал ӛсу мен даму жасушалар
санының кӛбеюін қамтамасыз етеді. Даму - кӛбеюмен аяқталады.
Жасушалар мен жасуша аралық заттар ағзаның дамуы барысында
ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және тұтас ағзаға бірігеді.
Достарыңызбен бөлісу: