1.5 КЛЕТКАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҦРАМЫ Жасушаның құрамында Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі
барлық химиялық элементтердің 80-нен астам түрі кездеседі. Олар
жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Барлық элементтердің
ішінен жасуша кӛлемінің 98% түзетіндері: оттегі, кӛміртегі, сутегі және азот
(3-кесте). Қалған элементтер макроэлементтер мен микроэлементтер деп екі
топқа бӛлінеді.
3 -кесте Клетканың қҧрамына кіретін химиялық элементтер Клетка массасының 98% тҥзетіндер Макроэлементтер, % Микроэлементтер, % Оттегі – 65-75 Кӛміртегі – 15-8 Сутегі – 8-10 Азот – 1,5-3,0 Магний – 0,02-0,03 Натрий – 0,02-0,03 Кальций – 0,04-2,00 Темір – 0,01-0,015 Калий – 0,15-0,40 Кҥкірт – 0,15-0,20 Фосфор – 0,20-1,00 Хлор – 0,05-0,10 Мырыш – 0,0003 Мыс – 0,0002 Йод – 0, 0001 Фтор – 0,0001
40
Макроэлементтерге пайыздың ондық және жүздік бӛлшектермен
берілген 8 элемент жатады, олардың ортақ мӛлшері шамамен 1,9%.
Микроэлементтердің клеткадағы үлесі ӛте аз болғанымен, олар тіршілік
үшін ӛте маңызды роль атқарады. Микроэлементтерге мырыш, мыс, йод,
фтор, марганец, селен және т.б. жатады (3-кесте).
Осы аталған барлық элементтер тірі ағзалар жасушасының