Мухамеджанов Данияр Замирұлы,
Түркістан медицина колледжінің физиология пәнінің II санатты оқытушы оқытушысы,
ОҚО,Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің физиологиясы
Сабақтың түрі: «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» технологиясымен ұйымдастырылған тәжірибе сабағы
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы
Тыныс –бұл өмір. Өмірге тірі ағзалар жатады. Тірі ағзалар бір бірімен байланыста және қоршаған ортасыз олардың өмірі жоқ. Су, топырақ, ауа тірі ағзалардың тіршілігін қамтамасыз ететін компоненттер. Біздің әрбір тынысымыз осы компоненттерге және табиғат жаратқан тәнімізге байланысты. Адам ағзасының әрбір мүшесі тыныс алады.
Тыныс алу дегеніміз адам ағзасына оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газды сыртқа шығаруын айтамыз. Осы үрдістің нәтижесінде ағзада тотығу процесі жүреді және қуат бөлінеді. Егер осы тұрақты газдар алмасып тұрмаса , судың және жылудың тұрақтылығы бұзылады да, адам өміріне қауіп төнеді. Тыныс алуды қамтамасыз ететін мүшелердің құрылысын анатомия пәнінен үйренген болатынсыңдар, ал бүгін тыныс алу мүшелерінің атқаратын қызметтерін үйренеміз. Бұл тақырыпты жетік меңгеру сендердің болашақ мамандықтарың үшін аса маңызды. Өйткені тыныс алу мүшелерінің қызметтері бұзылса, оған көмек көрсету үшін қалыпты қызметтерінің механизмін жақсы білуіміз қажет.
Педагогикалық мақсат: Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда студенттің ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Бұл сабақтың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. INSERT- карта пайдалану арқылы студенттер әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып («не білемін?», «не білдім?», «не үйрендім?», «не білгім келеді?») өз ойларын саралап, білімін кеңейтеді.
Бұл студенттердің жаппай жұмыс жасауына, белсенді іс-әрекетте мүмкіндік береді. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде оқытушы мына нәтижеге жетеді:
жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
студентті басқа жақтарынан таниды;
өзін жетекші, бағыттаушы ретінде таниды;
өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;
студенттің жұмысын бағалайды.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Тыныс алудың анатомиясына тоқталу;
Тыныс алу мүшелерінің қызметтерін үйрету;
Тыныс алудың сатыларын үйрету;
Дем алу және дем шығару механизмін үйрету;
Өкпенің көлемін үйрету;
Спирометрия әдісін үйрету
Тыныс алу орталығын орналасуы мен реттелуін үйрету;
Тыныс алу рефлексінің қорғаныстық реттелуін үйрету;
Тыныс алу гигиенасын үйрету;
Темекінің өкпеге зияндығын үйрету;
Құрғақ портативті спирометрмен жұмыс жасауды үйрету;
Дондерс моделін қолдан жасау механизмін үйрету;
Өкпе мен кеңірдектің үлгісін жасау механизмін үйрету;
Дамытушылық:
Кәсіптік бағдар беру;
Логикалық және клиникалық ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;
Студенттерді білім мен ғылымға баулу;
Студенттерге тұтас ағза қызметін ұғуды арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді болашақ маман ретінде тәрбиелеу. Болашақ мамандығына деген жауапкершілігін, сүйіспеншілігін, ұстамдығын, төзімділігін қалыптастыру,адамгершілікке, мейірімділікке,үлкенді сыйлап құрметтеуге үйрету және оқуға деген ынтасын арттыру.
Сабақтың хронокартасы:
№
|
Сабақ бөлімдерінің атауы
|
Уақыты
|
I
|
Ұйымдастыру кезеңі (топты түгелдеп тексеру, журнал толтыру)
|
5 мин
|
II
|
Оқытушының кіріспе сөзі (тақырыптың мотивациясына тоқталып, сабақтың жоспары мен мақсаттарын айту)
|
10 мин
|
III
|
Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау және бағалау
|
30мин
|
IV
|
Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау
|
25мин
|
V
|
Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру
|
5мин
|
VI
|
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің студенттің өзіндік жұмысы
|
50мин
|
VII
|
Теориялық және тәжірибелік білімді пысықтау
|
40 мин
|
VIII
|
Сабақты қорытындылау
|
10 мин
|
IХ
|
Үйге тапсырма беру
|
5 мин
|
Сабақтың жабдықталуы:
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен құрал жабдықтар:
«Тыныс алу жүйесі» бойынша плакаттар
Өкпе» моделдері
Слайдтар
Тыныс алу жүйесінің физиологиясы тақырыбы бойынша видеофильмдер
Құрғақ портативті спирометр
Дондерс моделі
Тыныс алу мүшелерінің модельдері
Үлестірме материалдар:
Жағдаятты есептер;
Суретті тесттер;
Интерактивті тапсырмалар;
Мәтіндік тесттер
Венн диаграммасы
Кестелер
Техникалық оқу құралдары:
Интерактивті тақта, проектор, компьютер;
Видеофильмдер;
СД, ДVД дискілер;
Электронды оқулық
Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу:
Бүгінгі сабаққа ұстанған мақсатым: «Заман талабына сай, жаңа технология әдіс тәсілдерін пайдалана отырып студенттің пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыру». Осы тақырып аясында нәтижелі жұмыс жүргізу үшін мынадай технологиялық бағыттарды ұстандым. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» технология стратегияларын қолдана отырып, сабақ жоспарын құрып мазмұнды сабақ үлгілерін іс тәжірибеде қолдандым.
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» сабағының құрылымы
|
Сабақ барысы
|
Қолданылатын стратегиялар
|
Қызығушылықты ояту
|
-Топшаларға бөлу
-Патриоттық сезімін ояту
-Ойшақыру
|
Мағынаны тану
|
-Түртіп алу «Insert» картасы
-ДЖИКСО
-Кубизм стратегиясы
-Логикалық ойлау
-Ми сергіту
-Қарама- қарсы элементтер
|
Ойтолғаныс
|
-Еркін жазу
-Кластер
-Венн диаграммасы
-Тестілеу
|
Сабақты төмендегі кесте бойынша қорытындылаймын:
№
|
Студенттердң аты жөні
|
Студенттің теориялық білімін бағалау
|
Студенттің өзіндік жұмысы
|
Теориялық және тәжрибелік білімді пысықтау
Тапсырмалар:
|
Қорытынды баға
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма беру:
«Не үйренгім келеді» деген сұраққа студенттер келесі сабаққа интернет, газет журналдардан Оңтүстік Қазақстандағы адам ағзасындағы тыныс алу жолдарына зиян келтіретін факторлар (экологиялық, әлеуметтік, тұқымқуалаушылық) туралы мәлімет жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |