Негіздері


КЛЕТКА АРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР



Pdf көрінісі
бет67/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

1.6 КЛЕТКА АРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР
Адам ағзасы (организмі) - миллиардтаған жасушалардан құралған, 
ӛздігінен реттеліп, жаңарып тұратын біртұтас күрделі жүйе. Соңғы 
жылдары адам ағзасы 100 триллион (10
14
) жасушадан тұрады деген мәлімет 
бар. Ағзаның даму үдерісінде жасушалар мен жасуша аралық заттар - 
ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді. 
Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлік ӛлшемі. Барлық тірі ағзалардың 
денесі (вирустан басқасы) жасушадан тұратыны бәрімізге мәлім. 
Жасушаның құрылысы электронды микроскоптың кӛмегімен терең 
зерттелді. Электронды микроскоппен жасуша құрылымдарының ӛте ұсақ 
бӛлшектеріне дейін анық кӛруге болады. Жасушалар құрылысы, қызметі, 
пішіні, мӛлшері жағынан әр түрлі болады. 
Адам денесіндегі жасушалардың пішіні - домалақ, ұзынша, жалпақ, 
тӛрт қырлы, кӛп қырлы, призма тәрізді және т. б. Жасуша мӛлшері мен 
пішінінің әр түрлі болып келуі атқаратын қызметіне байланысты. Мысалы, 
қанның эритроцит жасушалары сұйық ортада болғандықтан домалақ; тері 
жасушалары кӛп қырлы; бұлшық ет жасушалары ұзын; жүйке жасушалары 
кӛп ӛсінділі (жұлдыз тәрізді) және т. б. Жасушалардың мӛлшері де түрліше: 
адам ағзасындағы ең ірі жасушалар – жұмыртқа жасушасы мен жүйке 
жасушасы. Қан мен лимфада болатын ең кішкене жасушалар - 
лимфоциттер. 
Кӛп жасушалы жануарлар ағзасында мүшелер мен ұлпалар 
құрамындағы жасушалар ӛзара байланыста болады. Ӛзара байланыстар 
жасуша аралық күрделі, арнайы құрылымдар құрады. Жасуша аралық 
байланыстардың (21 сурет) бірнеше түрін ажыратады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет