70
Бұл ферменттердің молекулалары түйіршікті
эндоплазмалық тордың
рибосомаларында синтезделінеді де, тасымалдаушы кӛпіршіктермен
Гольджи кешеніне тасымалданып, сол жерде модификацияланады. Гольджи
кешенінің цистерналарының жетілген
бетінен алғашқы лизосомалар
бүршіктеніп бӛлінеді.
Жасушадағы барлық лизосомалар лизосома кеңістігін түзейді, бұл
кеңістікте протон насосының кӛмегімен үнемі pH – 3,5-5,0 қышқылды орта
сақталады, сондықтан олар цитоплазманы
осы ферменттердің әсерінен
қорғап тұрады. Лизосома мембранасының бүтіндігі бұзылса ферменттердің
белсенді шабуылынан жасуша бұзылып, тіршілігін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: