Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және
дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие
мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге,
адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға
көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие
мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде
әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік,
ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Достарыңызбен бөлісу: