Табиғат байлықтарын пайдалану барысында оның
жергілікті жер үшін маңызы мен қорын қатаң есепке
алу. Бұл әсіресе орман, су қоры үшін қажет.
Мысалы:
Әмудария мен Сырдарияның өзендерін ауыл щаруашылығы
барынша пайдаланып, оның Арал теңізі үшін маңызы
ескерілмеді.
Табиғат қорларын пайдаланғанда олардың бір-
бірімен байланысты екендігін есте сақтау керек.
Яғни, табиғаттың тарихи-табиғи байланысын, тепе-
теңдік процесін бұзбау деген сөз.
Мысалы: Семей
өңірінің Шыңғыстау ормандарының құрылыс үшін кесілуі - осы
өңірді аң-құсы мен шұрайлы жайылымынан айырды.
Көгалдандыру
КӨГАЛДАНДЫРУ
– қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу
үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде
көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері
ескеріледі, суаруға қажетті су көздері қарастырылады.
Көгалдандыру жұмыстары
мекенжайларға әсем көрініс береді,
шудан, күннен, шаңнан, тағы басқа
қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл
атқарады.
Ғылыми деректер бойынша белгілі бір
аймақтың
15%-ы көгалдандырылса
шаң-тозаңның мөлшері 20%-ға
кемиді
35%-ға өсімдік өсірілсе
шаң 50%-ға азаяды
65%-ға өсірілсе
шаң 95%-ға кемиді.
Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде төмендегі
мәселелерді ескеру керек:
1. Жергілікті жердің табиғи климат жағдайы .
2. Жердің географиялық орны .
3. Топырақ құнарлығы.
4. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.
5. Өсімдіктердің экологиялық ерекшеліктері.
6. Өсімдіктердің үйлесімділігі.
7. Жергілікті жердің экологиялық жағдайы.
8. Көгалдандырудың эстетикалық жағдайы. (аспектісі)
Көгалдандыру
Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмірқышқыл
газын сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шуды азайтып, мекенжайды желден, күннен және
шаңнан қорғайды.
|