ҚАЛАНЫ
КӨГАЛДАНДЫРУДЫҢ
НЕГІЗГІ ЖҮЙЕЛЕРІ
МЕН ТАЛАПТАРЫ
Қаланы көгалдандыру үшін
пайдаланатын ағаштар олардың
негізгі қасиеттеріне және
көгалдандырудағы мақсатқа орай
таңдалып алынуы шарт.
Жалпы халық тұтынатын ағаштарға
парктер, бақтар, скверлер, бульварлар мен
көшелердегі жасыл желектер жатады.
Олардың әрқайсысының өзіндік
функциональдық ерекшелігі бар және елді
мекендерді көркейтудегі маңызы зор. Бұл
ағаштарды халықтың тығыздығына қарай
пайдалануға тиімді етіп отырғызу қажет.
Қала халқының белгілі бір бөлігі ғана
пайдаланатын өсімдіктерге оқу
орындарының, ғылыми— зерттеу
институттарының, балалар мен
емдеу— сауықтыру мекемелерінің,
өнеркәсіп орындарының төңірегіне
және тұрғын аудандардың ішіне
отырғызылатын ағаш— бұталар,
гүлдер жатады.
Бұлардың түрлерін таңдап алу
кезінде олардың
функциональдық ерекшеліктерін
есте мықтап ұстау қажет. Себебі,
белгілі бір мақсатқа орай
отырғызылатын өсімдік түрлері
де әртүрлі болмақ.
Мәселен, мектеп маңына егілетіндерінің түрлік
құрамы табиғаттану мақсатына орай барынша бай
болуы тиісті. Ал емдеу— сауықтыру және балалар
мекемелері үшін санитарлық— гигиеналық
қасиеттері басым өсімдіктер қажет болса, басқа бір
орындарға сәндік өсімдіктерді отырғызған тиімді.
Өнеркәсіптік мекемелер еңбекшілерінің жұмыс
істеуіне, дем алуына қолайлы орындар жасауға
қажет өсімдік түрлерін таңдап ала білу шарт.
Қандай мақсатта отырғызылатына қарай, әрі
биологиялық ерекшеліктеріне байланысты
ағаш— бұталар таңдап алынады.
Қаланы көгалдандыру жұмыстарын оның алдын ала ойластырылған бас
схемасына сәйкес жргізу керек. Сонда ағаштарды кездейсоқ отырғызу
әрекеттеріне жол берілмейді, оны ғылыми негізде және жоспарлы жүргізуге,
сондай— ақ санитарлы— гигиеналық тұрғыдан атқаруға мүмкіндік туады.
Тұрғын кварталдардың ортасына ойластырылып салынған сквер қалаға көрік
қана қосып қоймай, ауадағы шаңды және басқа да қоспаны бойына тартады.
Әрқашанда қала— селоларды көгалдандыру жұмыстарына қойылатын негізгі
талаптардың біріне жердің рельефіне, топырақ жағдайларына сәйкес келетін
сәндік өсімдіктердің түрлерін таңдап ала білу жатады. Жер жағдайы
өсімдіктің
биологиялық
қасиеттеріне неғұрлым
сәйкес болса, онда
отырғызылған ағаштар оңай жерсінеді және олардың сәндік қасиетінің
ашылуы соншалықты жоғары болмақ
.
❖
1.Экзотикалық (ландшафты архитектура, жолдардың
жағалауларын, демалу орындарын түрлендірут.б.)
❖
2.Қалаларды көркейту.
❖
3.Қаланы қорғау (шаңнан, газдан, шудан, күннен)
❖
4.Санитарлық— гигиеналық.
|