Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата18.05.2022
өлшемі446,71 Kb.
#143815
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
126062 kaz 20220517

2-тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
2) 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
3) 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
4) 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
5) 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
5. Оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. 
Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттары 
көрсетілетін бөлімшелерге бөлінген: дағды немесе білік, білім немесе түсінік.
6. «Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны 4 бөлімді 
қамтиды:


Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) компьютерлік жүйелер;
2) ақпараттық процестер;
3) компьютерлік ойлау;
4) денсаулық және қауіпсіздік.
7. «Компьютерлік жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) бағдарламалық қамтамасыз ету;
3) компьютерлік желілер.
8. «Ақпараттық процестер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) ақпаратты өлшеу мен ұсыну;
2) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру.
9. «Компьютерлік ойлау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) модельдеу;
2) алгоритмдер;
3) программалау.
10.«Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) эргономика;
2) ақпараттық және онлайн қауіпсіздік.
11. 5-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны 
келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары». Ақпараттың цифрлық 
тасымалдаушылары;
2) «Компьютерлік желілер». Ортак файлдармен жұмыс (орналастыру, 
редакциялау, жүктеу);
3) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпаратты әртүрлі нысандарда ұсыну. 
Байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштары. Мәтіндік ақпаратты 
кодтау. Ақпараттың екілік көрінісі;


Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік редактор: 
беттің параметрлері, алдын ала қарау. Компьютерлік графика: растрлық 
кескіндерді жасау және өңдеу, векторлық суреттер жасау және өңдеу, растрлық 
және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері;
5) «Программалау». Роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау. Роботты 
көрсетілген градусқа бұру. Робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс 
датчигі. Объектіні табу үшін ультрадыбыстық датчик;
6) «Робототехника». Роботты анықтау. Робот түрлерінің үлгілері және 
оларды қолдану салалары. Робототехника саласындағы адамзаттың техникалық 
жетістіктерінің мысалдары. Гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципі;
7) «Денсаулық және қауіпсіздік». Қауіпсіздік техникасының ережелері. 
Біреудің жұмысын көшірудің заңсыздығы. Құжаттарға арналған пароль.
12. 6-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны 
келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары». Есептеу техникасының даму тарихы. 
Компьютерлік негізгі құрылғылардың әрекеттестігі;
2) «Программалық қамтамасыз ету». Операциялық жүйелердің негізгі 
функциялары. IDE интерфейсінің мүмкіндіктері;
3) «Компьютерлік желілер». Сымсыз байланыстың артықшылықтары;
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік 
құжаттардағы сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Гиперсілтемелер. 
Мазмұны. Реферат құру;
5) «Модельдеу». 3D-модельдер қолдану мысалдары. 3D-редактордың 
мүмкіндіктері. 3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған 
құралдары. Айналу денелерін құру және түрлендіру. 3D-редактордағы 
объектілердің модельдері. Басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттау. 3D-баспаны 
баптау;
6) «Алгоритмдер және программалау». Python тіліндегі сызықтық 
алгоритмдер. Бағдарламалау тіліннің алфавиті және синтаксисі. Мәліметтер 
типтері;


Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
7) «Эргономика». Эргономика міндеттері (барынша жайлылық пен 
тиімділік үшін);
8) «Ақпараттық қауіпсіздік». Интернетке тәуелділіктің проблемалары. 
«Авторлық құқық», «плагиат» ұғымдары. Авторға сілтеме жасайтын ақпаратты 
сақтау.
13. 7-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны 
келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары». Компьютердің жады түрлері (жедел есте 
сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш-жады);
2) «Программалық қамтамасыз ету». Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі 
форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру. Ақпаратты қысу, архиватор-
бағдарламалар. Мұрағаттарды құру және ашу;
3) «Компьютерлік желілер». Компьютерлік желінің мақсаты, жіктелуі 
(ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша);
4) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты 
бір өлшем бірлігінен басқаға аудару;
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік 
процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және пішімдеу. Электрондық кестелер, 
электрондық кестенің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және 
пішімдеу, маркер толтыру. Деректер типтері. Формулалар енгізу. Шартты 
пішімдеу. Диаграммаларды құру;
6) «Алгоритмдер мен программалау». Салынған және құрамдас шарттарды, 
тармақталған алгоритмдерді программалау. Файлдарды оқу және жазу;
7) «Ақпараттық қауіпсіздік». Ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау;
14. 8- сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім 
мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары». Процессор және оның негізгі 
сипаттамалары;
2) «Компьютерлік желілер». Компьютерлік желінің өткізу қабілеті;
3) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпараттың көлемін бағалаудың 
алфавиттік тәсілі;


Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру» .Электрондық 
кестелердегі деректер пішімдері. Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер. 
Функциялар графиктерін құру. Кірістірілген функцияларды пайдалану: 
математикалық (сомасы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық (ең төменгі, ең 
жоғары, орташа, есеп), логикалық (егер);
5) «Модельдеу». Интеграцияланған дайындау ортасында қолданбалы 
міндеттерді шешу;
6) «Алгоритмдер және программалау». Цикл операторлары (параметрі бар 
цикл, алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл). Алгоритм трассировкасы. 
Интеграцияланған дайындау ортасында міндеттерді шешу;
7) «Денсаулық және қауіпсіздік». Электрондық құрылғылардың адам 
ағзасына әсері, электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері. 
Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі: алаяқтық, интернеттегі агрессия.
15. 9-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны 
келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары». Мақсатына байланысты компьютердің 
аппараттық конфигурациясын таңдау;
2) «Программалық қамтамасыз ету». Пайдаланушының қажеттіліктеріне 
байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау;
3) «Компьютерлік желілер». Бұлтты технологияларды қолдану арқылы 
құжаттармен ортақ жұмыс істеу;
4) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпарат қасиеттері (өзектілігі, дәлдігі, 
анықтығы, құндылығы);
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Дерекқор, өріс, жазба. 
Электрондық кестеде деректер базасын құру. Деректерді іздеу, сұрыптау және 
сүзгілеу;
6) «Модельдеу». Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық, 
экономикалық) электрондық кестеде зерттеу;
7) «Алгоритмдер мен программалау». Бір өлшемді массив. Екі өлшемді 
массив. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері: массив элементтерін іздеу, 
сұрыптау, орнын ауыстыру, жою және қою. PyGame кітапханасы. Ойынның артқы 


Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
фоны. Ойынға арналған дайын кейіпкерлер. Кейіпкер қозғалысы. Дайын сценарий 
бойынша ойын программмалау. Ойын нәтижелерін есептеу;
8) «Эргономика». Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу тәуекелін бағалау;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік». Желіде жұмыс істеудің этикалық және 
құқықтық нормаларын бұзу салдарлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет