197
нақтылығын тәрбиелеуге бағытталады: сөйлеу реакциясының
жылдамдығын, ішкі сөйлеу жылдамдығын оқу мен жазудың
жылдамдығын, сөйлеудің просодикалық жағын (ырғақтылығы, әуезділігі,
екпін, үзіліс).
Брадилалияның ауыр түрлерінде алдымен жалпы моториканы
қалыпқа келтіру қажет: координацияны, бағыттылығын, жалпы
қимылдарын жылдамдату, қолдың праксисін қалыптастыру, естіп, көріп
қабылдауын дамыту, ырғақты қабылдап қайталау т.б. Моторика қалыпқа
келе бастағанда сөздік материалдар қосылады.
Түзету жұмыс барысында әртүрлі сөздік жаттығулар қолданады.
Негізгі жаттығулар: әртүрлі деңгейдегі сөздік материалдарды айтқызу
(буын, сөз, фраза, жаңылтпаш т.б); оқу (логопедпен бірге сосын өз
бетімен магнитофонға жылдам жазылған сөздік материалдарды тыңдап,
қайталау, ырғаққа сәйкес
сөздік материалдарды айту, оқу т.б.
Логопедиялық жұмыста логопедиялық ритмика, музыканың
ырғағымен жүру, жүгіру, секіру, ритмикалық жаттығулар, өлең айту,
сюжеттік қимыл – ойындар кеңінен қолданады.
Сонымен, брадилалияны түзету жұмысының негізгі бағыттары:
-
Нақты сөйлеу артикуляциясын тәрбиелеу;
-
Сөйлеу реакциясын жылдамдату;
-
Оқу мен жазудың жылдамдығын күшейту;
-
Моториканы қалыпқа келтіру;
-
Қолдың
праксисін қалыптастыру;
-
Көру және есту зейінін дамыту;
-
Ырғақтылықты қабылдау мен қайталауын дамыту.
Тахилалияны түзетудің логопедиялық әдістемесі.
Тахилалияны түзету жұмысының негізгі мақсатына: баяу, жатық,
біркелкі дем алу мен дауыс шығаруға тәрбиелеу; баяу ырғақты оқу;
байсалды, ырғақты сөйлеу, ұжымда қатынас кезінде тиімді жағдай
жасау, сөйлеуде жалпы және есту зейінін қалыптастыру жатады.
Тахилалиямен зақымдалған жасөспірімдер мен ересектермен
логопедиялық жұмыс кезеңдерге бөлініп жүргізіледі.
Бірінші кезең
– үндемеу тәртібі. Сабақтан басқа уакытта көп
сөйлемеу ұсынылады. Үндемеу тәртібі оқушылардың үрейін басып,
тынышталып, зейінін сабақ ережелеріне шоғырландыруға әсер етеді.
Екінші кезең
– баяу сөйлеуді меңгеру
алдымен дауыстап оқудан
басталады. Алдымен оқу үлгісін логопед көрсетеді, сосын логопедпен
бірге, соңынан, кезектесіп оқылады. Әр сабақ сөйлеу жаттығуларынан
басталады. Барлық жаттығуларда қосарланып баяу сөйлеу орын алады.
Ауызша сөйлеумен қатар баяу да психомоторлық процесстерді
баяулатуға нұсқау беріледі (қимыл – қозғалысын, тәртібін).
Үшінші кезең
- мазмұнына сай фразаларды қолдану, айтылатын
ойларын алдын – ала тұжырымдау жұмысы жүргізіледі.
198
Төртінші кезең
—
коллективтік әңгіме құрастыру. Логопедтің немесе
кезекшінің сигналы бойынша әр бала әңгімеге қатысады.
Бұл кезеңде
іштен
баяу оқу қолданады. Сабақта әр түрлі тәсілдер пайдаланады: еліктеу,
бірге қайталап айту, ырғақты оқу, ырғаққа сай сөйлеу жаттығулары,
дұрыс сөйлеу үлгілерін тыңдау т.б. Бұл кезеңде сабақтан тыс сөйлеуге
жаттығу жұмыстары кеңінен қолданылады. Диалогтық қатынасты әр
жағдайда (көшеде, көлікте т.б) жаттықтыру.
Бесінші
, қорытындылау кезеңі – көпшілік ортада сөйлеуге жаттығу.
Өзін – өзі ұстауы, сөйлеу жылдамдығы өзіндік жеке сабақтарда
қайталанады,
жаттығады, соңында мазмұны, сөйлеуі талқыланады.
- Сонымен, тахилалияны түзету жұмысының негізгі бағыттарына:
- Баяу, жатық, біркелкі дем алу мен дауыс шығаруға тәрбиелеу;
- Баяу, ырғақты оқуға тәрбиелеу;
- Байсалды, ырғақты сөйлеуге тәрбиелеу;
- Сөйлеу қатынасын тәрбиелеу;
- Жалпы және сөйлеу зейінін тәрбиелеу жатады.
Түзету жұмысы келесі кезектілікпен жүргізіледі:
- Үндемеу тәртібі;
-
Оқу мен әңгімелеу барысында сөйлеу жылдамдығын баяулату
дағдысын меңгеру.
-
Мазмұнға сай фразаны айтатынын лайықтап,
тұжырымдау,
редакциялау.
-
Топпен әңгімелесу.
-
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: