I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет112/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   249
Тұтықпа баланы психологиялық педагогикалық тексеру
алғашқы 
логопедиялық тексеру, логопедиялық жұмыс барысында бақылау және сабақ 
біткеннен кейін қорытынды тексеруден тұрады. Тұтықпа баланы тексерудің 
нақты мақсатына баланың дамуы, тұтықпаның себептері туралы мағлұмат 
жинау, тыртысудың түрін, орнын, жиілігін және сақталған сөйлеу түрлерін 
анықтау, ілеспелі сөйлеудегі және қимылындағы бұзылыстары мен 
психологиялық ерекшеліктерін анықтау жатады. тексеру нәтижесі сөйлеу 
картасында толық көрсетіледі. 
Логопедиялық сабақтар
. Олар логопедиялық жұмыстың негізгі түрі 
болып саналады. Логопедиялық сабақтар топпен және жеке жүргізіледі. 
Тұтықпа балалардың сөйлеу картасының және сөйлеу тәртібінің дағдыларын 
ұжымда жаттықтыру үшін сабақ көбінесе топпен жүргізіледі. 
Тұтықпа 
балалармен 
жүргізілетін 
логопедиялық 
сабақтарға 
қойылатын негізгі талаптар: 
1)
Тұтықпа 
баланың 
сөйлеуі 
мен 
тұлғасын 
түзету 
педагогикалық жағынан ықпал ету міндеттері логопедиялық 
сабақта қамтылады. 
2)
Логопедиялық сабақтар негізгі дидактикалық қағидаларды 
ескеріп, жеке тұлғаның ерекшеліктерін байланысты, баланың 
саналылығына 
және 
белсенділігіне 
сүйеніп, 
сабақта 
көрнекілік, техникалық құралдарды пайдаланып, белгілі бір 
жүйелікпен, кезектілікпен жүргізіледі. 
3)
Логопедиялық сабақтар мектепке дейінгі балаларды 
тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының немесе мектеп 
бағдарламасының талабына сай жүргізіледі. 
4)
Сабақта тұтықпа баланың дұрыс сөйлеуі мен тәртібін әртүрлі 
жағдайда жаттықтыру қарастырылады: кабинетте, таныс 
адамдардың қатысуы, әртүрлі ортада, жағдайда т.б. ол үшін 
логопедиялық сабақтың әр түрі қолданады. 
5)
Логопедиялық сабақтарда бала тұтықпасыз сөйлеуге үйрену 
керек. 
6)
Сабақта бала сергек, көңілді, өзіне өзі сенімді болу керек. 
7)
Сабақта әрдайым дұрыс сөйлеу үлгісі болуы қажет: 
логопедтің, баланың, тақтаға жазылған көркем сөз 
шеберлерінің сөздері т.б. 


221 
8)
Сабақтар 
баланы 
дұрыс 
тәрбиелеу 
және 
айналасындағылармен 
дұрыс 
қарым 
қатынас 
жасау 
жағдайына өтілуі керек. 
Баланың өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Тұтықпа баламен өзіндік жұмыс логопедің берген тапсырмаларын 
отбасында, топта, оқу тәрбие процесінде орындауға бағытталған. Ондай 
тапсырма түрлері әртүрлі: дұрыс сөйлеу ережесін жаттап алу, сурет бойынша 
әңгіме қарастыру, сөйлегенде бояу сөйлеуге жаттығу, ата анасымен асықпай 
сөйлеу т.б. өзіндік жұмыстың орындалуын қадағалап, бағалау үшін 
күнделікті немесе арнайы дәптер арнауға болады. Онда логопед, ата анасы, 
оқушының өзі нәтижесін жазып отырады. 
Логопедиялық жұмыста әртүрлі мамандардың көмегін пайдалану. 
Тұтықпаны емдеу түзету жұмысына көптеген мамандар қатысады. Әрине 
емдеу педагогикалық жұмысында логопедтің орны ерекшк. Дегенмен басқа 
мамандардың қосымша деректері логопедиялық жұмысты тиімді, нәтижелі 
жүргізуі мүмкіндік туады. Невропатолог, физиотерапевт, ритмист, емдеу 
физкультураның нұсқаушы баланың қимыл сферасындағы, жалпы және 
сөйлеу моторикасындағы ауытқулар мен бұзылыстаранықтауға көмектеседі. 
Музыкалық педагогі музыкалық естуін, жылдамдығын, қабылдауын, дауыс 
ерекшеліктерін т.б. анықтауға қатысады. Мұғалім тәрбиеші баланың жалпы 
білім дағдыларын, біліктілігін, қызығушылығын, эстетикалық, өнегелік 
түсініктерін анықтауға болады. 
Дәрігермен емдеу, психотерапия, емдеу физкультурасы, ритмика, 
физиотерапия, музыкалық, оқу тәрбиелік сабақтар барлығы логопедиялық 
тәсілдерді толықтырып, оның нәтижесін бекітуге ықпал етеді. 
Баланың ата анасы мен педагогтармен кеңес беру, әдістемелік жұмыс. 
Бұл жұмыстың мақсатына тұтықпа баланы түзету жұмысын жүргізуге 
қолайлы жағдай жасау; уйде, балар мекемесінде баламен дұрыс қарым 
қатынас орнату; логопедиялық сабақтан тыс уақытша өзіндік жұмыс 
ұйымдастыру жатады.Бұл бағытта жүргізілетін жұмыс түрлері:лекциялар, 
әңгіме, кеңес, ата аналармен жиналыс өткізеді т.б. яғи ата аналарды, педагог, 
түзету әдістері, сабақтары, түзету жұмысындағы ата аналардың рөлі туралы 
қажет мағұлматтар беу. 
Өзінің мамандығын жетілдіру түрлеріне мыналар жатады: 

Арнайы әдебиеттерді оқу негізінде білімін толықтыру; 

Тәжірибе алмасу(әріптестілердінің сабағына қатысу, талдау, тұтықпа 
мәселесіне арналған әртүрлі конференция, семинарларға қатысут.б. 

Өзінің жұмыс тәжірибесін тұжырымдау; 

Логопедиядан мамандықты жетілдіретін курстарға қатысу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет