218
Емдеу-педагогикалық кешенді әдісті тұтығушыға ықпал ету сипатына
қарай екіге бөлуге болады: емдеу-сауықтыру және түзету-педагогикалық.
Емдеу-сауықтыру жұмысының негізгі мақсатына
тұтығушының жүйке
жүйесі мен денсаулығын нығайту және сауықтыру, психофизиологиялық
жақтарының ауытқуларын жою және емдеу жатады.
Емдеу-сауықтыру жұмысына емдеуге тиімді жағдай жасау, күн тәртібі
мен тамақтану тәртібін ұйымдастыру, шынықтыру, емдеу физкультурасы,
дәрімен емдеу, физио- және психотерапия жатады.
Күн тәртібі мен тамақтандыру тәртібі
. Тұтықпа балалардың
көпшілігі аурушаң, әлсіз келеді, сондықтан күн тәртібін анықтап,
құрастыруда дем алуға жеткілікті, көп уақыт беруін, сабақтан тыс, басқа
да жұмыс мөлшерін азайту қажет.
Жүйке жүйесін сауықтыруда ұйқының маңызы өте зор. Ұйқы жүйке
клеткаларын әлсіреуден сақтайды, оларды қоректі заттармен оттегімен
қамтамасыз етеді. Күн тәртібінде мектепке дейінгі балалар он он бір сағат
түнде, күндіз екі сағат, оқушылар сегіз тоғыз сағат түнде, бір жарым екі
сағат күндіз ұйықтауы қарастырылу қажет.
Балада жаңадан пайда болған рефлекстердің тұрақтанып бекуі және
организмдегі барлық биохимиялық процестердің өтуі тамақтануға тығыз
байланысты
болады.
сондықтан
тұтықпа
баланың
тамағын
витаминизациялауға көп көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: