I теоретические основы логопедии


Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет118/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   249
Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. В. М. Шкловскийдің психологиялық–педагогикалық түзету жүйесінің 
негізгі мазмұнын ашыңыздар.
2. Ересектердің тұтықпасын түзетудің емдеу – педагогикалық жүйесінің 
негізгі мазмұнын ашыңыздар. 
3. Л. З.Арутюнянның «тұтықпада сөйлеудітұрақты қалыпқа келтіру кешенді 
әдістемесінің» мазмұнын айтыңыздар. 
4. «Ересектердің тұтықпасын түзету жұмысының кезеңдері» бойынша кесте 
толтыру.


233 
Тұтықпадан сақтандыру

Тұтықпадан сақтандыру жұмысы негізгі 
үш бағытта
жүргізіледі: 

Балаларда тұтықпаның пайда болуынан алдын ала сақтандыру; 

Тұтықпаның созылмалы түрінен және қайталануынан сақтандыру; 

Әлеуметтік бейімдеудің бұзылуынан сақтандыру; 
Тұтықпаның қатерлі факторлары кездесетін балаларда бірнеше топқа бөлуге 
болады. Біріншіден ондай балалардың мінезінің ерекшеліктерінің бірі-
үрейлілік. Олардың ұйқысының, тәбетінің бұзылуы, жылауықтың, 
ашуланшақтық байқалады. Екіншіден, сөйлеу тілі ерте дамыған балалар. 
Олардың алғашқы сөзі 1жасқа дейін, фраза 1,6-1,8ж, пайда болады. 2-2,5 
жаста жайылған сөйлемдерді қолданады. Бұл кезеңде олардың сөйлеуінде 
көптеген итерациялар байқалады. Үшіншіден, 
психикасы кешеуілдеп дамыған балалар. Ондай балалардың сөйлеу 
компоненттері кешеуілдеп дамиды. Көп жағдайда сөйлеуі түсініксіз, дыбыс 
айтуы 
бұзылған.
Төртіншіден, генетикалық қатерлі факторлары бар балалар (солақай, 
тұқымында тұтығы бар). Екі тілде сөйейтін балалар да қатерлі топқа жатады. 
Ондай балалардың отбасы баланың соматикалық және жүйке –психикалық 
дамуына қалыпты жағдай жасау қажет. 
1жастан 6-7жасқа дейін ата-аналардың дұрыс сөйлеу үлгісінің балалар үшін 
өте маңызды екеніне ата-аналардың көңілін бөлу керек.
Ата-аналар үшін сөйлеу тәртібінің жалпы ережелері мыналар: 

Сөйлеу жатық , эмоциа мәнерлі, байсалды болу керек; 

Ата-аналардың сөзі анық болуы қажет; 

Балалардың тілімен сөйлеуге немесе дыбыстарды бұзып айтуға 
болмайды; 

Ересектердің сөзінде балалар үшін қиын айтылатын сөздер көп болмау 
керек; 

Сөйлемдер құрылымы бойынша өте күрделі болмау керек; 

Баламен сөйлескенде сұрақты нақты қойып, жауабын айтқанда 
асықтырмау; 

Сөйлеу кемшіліктері үшін баланы жазалауға, келекетуге немесе 
ашуланып түзетуге болмайды;
Балаға оқитын мәтін, өлеңдер жасына сай болуы керек.
Сөйлеуі ерте дамыған баланың сөйлеу қатынасына көп күш түсірмеу керек, 
яғни жаңа,құрдай сөздерді, белсенді сөз қолдануын, «баланың жетістіктерін» 
көпшілік алдында көрсетуін шектеу. Ондай балаға психикасына артық 
салмақ түсіретін көпшілікке арналған шараларға қатысуға болмайды. Ондай 
балалар үшін ырғақты қимыл ойындары, жеке сөздерді, қысқа сөйлемдерді 
ырғақты айту пайдалы. Олардың сөйлеу кезінде дем алуына көңіл бөлу 
қажет.
Сонымен, сөйлеу тілі ерте дамыған балалар үшін сақтандыру шаралары, 
алдымен, сөйлеуден сақтандыру тәртібі, сөйлеудің ырғақтылығы мен 
сөйлеудегі тыныс алуын қалыптастырумен байланысты.


234 
Сөйлеу тілі кешеуілден дамыған балалардың, алдымен, дыбыс айтуы 
мен сөйлеудегі тыныс алуын қалыптастыру керек. Сөз қоры қарқынды 
молайып, фразалық сөйлеуі дамыған кезеңде итерацианың байқалуына көңіл 
бөлу керек.
Солақайлықты мектепке дейінгі кезде бірден анықтау қиын, өйткені 
бала екі қолмен бірдей еркін пайдаланады. Мұндай жағдайда баланың оң 
қолын көбірек іс-әрекетке қосу керек (қасықты, қарындашты, затты т.б. оң 
қолға ұстата беру керек). Егер мұндай шараларға қарамай бала сол қолымен 
қимылды көбірек жасаса, оған тиым салмау керек. 
Әдетте солақай балалардың эмоциональді күйі тұрақсыз, үрейлі, 
мазасыз, орталық жүйке жүйесінің бейімделу мүмкіндіктері төмен болады. 
Отбасында тұтығушы болған жағдайда, әсіресе баланың сөйлеу тілі 
қарқынды даму кезеңінде тұтығушымен қарм-қатынасын шектеген жөн. 
Отбасында екі тілде сөйлеу жағдайында (билингвизм) балаға ерекше 
жағдай жасау қажет. Баланың сөйлеу тілі даму кезеңінде жүйке жүйесіне 
айтарлықтай салмақ түседі. Бірджен екі тіл қалыптасқан жағдайда, салмақ 
күшейеді де, сөйлеудің ауытқуының пайда болуына әсер етеді. Сондықтан 
алдымен бір тіл жүйесінің лексикалық-грамматикалық базасын толық 
қалыптастыруға жағдай жасау керек. Қалыпты дамыған жағдайда 4 жасқа 
таман қалыптасуы керек. Содан соң, бала екінші тілді меңгеруге болады. 
Тұтықпаның созылмалы түрінен сақтандыру 
 
Тұтықпа кенеттен басталса (қатты қорыққанда) баланың эмоциональдық 
күйін қалпына келтіруге жағдай жасау керек. Мұндай жағдайларға: сөйлеуді 
шектеу, көбірек ұйықтату, ақпаратты азайту, логопед және психоневролог 
мамандардан кеңес алу жатады. Баланың сөйлеуінде кідіру, тұтығу байқалса 
дыбыстарды дұрыс айтуға, жатық сөйлеуді талап етпеу керек. Ересектер 
асықпай, анық, ақырын сөйлегені дұрыс. 
Әдетте, тұтықпа бала өзімен өзі ойнау барысында өзінің іс-әрекетін 
сөзбен айтып отырғанда тұтықпайды, сондықтан оларға әр түрлі ойындар, іс-
әрекеттірді (сурет, мозайка т.б.) оңаша жүргізу қажет. 
Баланың сөйлеуге талабы болып тұрса оған тиым салмау керек, тек 
сөйлеудің оңай түрін қолдануға бағыттау крек. Баланың жасына сәйкес 
қарапайым жеңіл тақпақтар жаттатуға болады. Музыкамен ырғақты 
қимылдар жасау өте пайдалы. 
Логопедтің нұсқауларын дұрыс орындаған жағдайда тұтықпаны 
түзетуге болатынын ата-аналарға түсіндіру керек. 
Тұтықпаны қайталануынан сақтандыру 
 
Мектепке дейінгі тұтықпа балалармен тиімді түзету-педагогикалық 
жұмыстардың жүргізілгеніне қарамастан, мектепке барғанда тұтықпа 


235 
қайталануы (рецидив) мүмкін. Қайталанбау үшін баланы мектепке ерекше 
дайындау қажет. 
Оқу басталғанша (1-ші қыркүйекке дейін) бала мектепке барып, оқитын 
сыныппен, мұғаліммен танысады. Мұғалім бұрын баланың тұтыққанын және 
онымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін білуі керек. Мысалы, ол 
баладан сабақты бірінші сұрамау, толық жауап беруін талап етпеу, аздаған 
жетістіктерін қолдап мақтап отыру т.б. Тұтықпа қайталанған жағдайда 
баланың ауызша жауап беруін тоқтатпау керек, ата-аналары ол кезде үйдегі 
тапсырманы бірге дайындап, дауыстап айтуға жаттықтырады. Ондай балалар 
кемінде 1,5-2 жыл логопед пен психоневрологтың бақылауында болады. 
Келесі қатерлі кезең пре- және пубертантты кезең болып саналады. Бұл 
кезеңде жасөспірімдердің сөйлеу қатынасы күрделенеді, өзінің сөйлеуіне 
талап күшейеді, организмнің эндокриндік жүйесінің қайта қалыптасуына 
байланысты эмоциональды жағына күш түседі. Балалардың арасындағы 
өзіндік орнына байланысты ұйымдастырушылық байқалады. Осы кезеңде 
тұтықпаның қайталануы мүмкін. 
Тұтықпаның қайталануын болдырмау үшін
ұзақ уақыт диспансерлік 
бақылауда және мезгіл-мезгіл логопедиялық сабақ, психотерапия түрінде 
психологиялық-педагогикалық көмек алып тұруы керек. 
Ересек тұтығушылар үнемі кеңес беретін және оңалту орталықтарында 
әртүрлі курстарға («демеуші топтар», «ашық қабылдау күндері» т.б.), 
шараларға қатысады. 
Арнайы тәрбиелік шаралар өзіне сенімділігін, белсенділігін, өздігінен 
шешім қабылдауын қалыптастыруға бағытталады.
Тұтықпа мамандық талдауға кедергі болмауы тиіс, дегенмен тұтықпасы
жиі қайталанатындар сөйлеуге және психикасына ауыр салмақ түсетін 
мамандыққа бармағаны жөн. 
Психологиялық–педагогикалық оңалтудан өткен жасөспірімдер мен 
ересектер бірнеше жаднамаларды білуі керек. 
Психологиялық-педагогикалық оңалту курсын өткен ересектер мен 
жасөспірімдер үшін жаднама. 
 
1.
Жүйке жүйесін сауықтыру. 
Сөйлеу организмінің жалпы физикалық жағдайы мен нерв жүйесінің 
жағдайына тығыз байланысты. Сондықтан төмендегідей ережелерді 
сақтау қажет: 

Жүйке жүйесіне зақым келтіретін темекіден , алкогольдан бас тарту; 

Организмді сауықтыру үшін дұрыс тамақтану, дем алу мен еңбекті, 
ұйқыны, сергуді ойдағыдай алмастыру ( ұйқының бұзылуы өте зиян). 

Эмоциялық салмақ түсіруден сақтану; 

Жүйке жүйесін шынықтыру үшін таңғы гимнастика, шынықтыру 
шараларының пайдасы көп; 
Орынды 
дене 
шынықтыру, 
организмді 
шынықтыру 
қимылдың 
үйлесімділігіне жақсы ықпал етеді және сөйлеу функциясын жақсартады. 


236 
2.
Тұтықпаны тудыратын психикалық реакцияларды жеңілдету 
Сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету барысында басты кедергі жағымсыз 
эмоциялық қайғыру болып табылады. Сондықтан өзін мазалайтын 
жағдайларды жан-жақты ойластыру қажет. Күнделікті өмірде өзін байсалды, 
салмақты, сенімді болуға тырысу. 
Өмірдегі кездесетін қиыншылықтардың бтұтықпаның себебінен деп 
есептемеңдер жолдастардан, жақындарыңнан, әріптестеріңнен сөйлеудегі 
қиыншылықтарды жасырмай, оларға ем алып жүргендерінді түсіндіру керек. 
Өздеріңде батылдылықты, қатаңдықты, шыдамдылықты және ерікті 
тәрбиелеңдер. Қойған мақсаттан бас тартпай, өз күштеріңе және 
мүмкіншіліктеріне сеңіндер. Өздеріңді әр жағдайда байсалды ұстауға 
үйреңіңдер. Егер аутогендік жаттығуларды ұдайы қолдансаңыз ол бұған 
көмектеседі. 
3.
Үй жағдайында сөйлеу жұмысын жүргізу 
Жатық сөйлеу дағдысын бекіту үшін күнделікті дұрыс сөйлеуді жаттықтыру 
қажет: 

Жаттығуға қолайлы уақыт бұл таңертеңгі жұмысқа немесе оқуға 
дейінгі кезең; 

Сөйлеу жұмысын өлеңнен бастау керек (көңілді, ырғақты өлеңдерді 
пайдалану); 

Орташа жылдамдықпен, ережелерді сақтап, тақпақ, жаңылтпаш, мақал-
мәтелдерді және кішірек мәтіндермен жұмыс; 

Өзіндік жұмысқа логопедиялық сабақтарды қосу керек. 
Естеріңде болсын! Ырғақтылық қимылдар сөйлеу функциясын қалыпқа 
келтіруге жағымды әсер етеді. 
Меңгерген сөйлеу дағдыларын біртіндеп адамдармен қарым-қатынас 
функцияларында бекіту. 
4.
Сөйлеудің негізгі ережелері 
1.
Дененің дұрыс кейпі тіршілік процестерін жақсартады және 
сөйлеуді ұйымдастыруға әсер етеді. Сөйлеу кезінде денеге байсалды 
және ыңғайлы кейіп беру керек. 
2.
Сөйлеу кезінде әңгімелеушіге қарап, өзін сенімді және байсалды 
ұстау. 
3.
Айтатын фразаны алдымен ойлап, баяу, бөліп айту. 
4.
Мәнерлеп айтыңыз: ол үшін буындық, логикалық екпіндерді, 
интонацияны сақтап, сөйлемнің мазмұнына сай айту. 
5.
Сөздің және сөйлемнің басын ақырын, жатық, дауысты
дыбыстарды жеңіл айту. 
6.
Ұзын сөйлемді мазмұнды бөліктерге бөлу. Әрбір бөлімін қысқа 
фразадай айту. 
7.
Байсалды және баяу сөйлеуге тырысыңдар. 
8.
Сәтсіз сөйлеуден кейін – тоқтаңыз, сосын баяу сөйлеп 
жалғастырыңыз. 
Естеріңізде болсын, тұтықпаны түзету сөйлеу дағдыларын қайта 
қалыптастыруды талап ететін күрделі жұмыс.


237 
Жетістікке жету үшін уақыт, білім және тұтықпаны түзету тәсілдерін білу 
қажет. 
Ерікті, күшті, қажырлы адамдар туралы әңгіме, кітаптарды жиі оқыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет