271
сөйлем құрау мен байланыстырылған мәтінді практикалық түрде меңгереді.
Олардың
фонематикалық
қабылдаумен
дыбыстық
талдауы
қалыптастырылады.
Мұндай баланың сөйлеу тілін дамытудың тиімді көзі - олардың
қалыпты, жақсы сөйлейтін адамдармен қатынасқа түсуі болып табылады.
Қатынас сөйлеу тілі дамуы деңгейімен таным белсенділігін белгілейтін
сөйлеу тілі дамуының бір ғана факторы болып есептелмесе де, аса тиімді
мүмкіндіктері мен тұлға ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жеке де жүргізіледі.
Жұмыстың дифференциалды тәсілдері түзету әсерін өте нәтижелі етеді.
Балалар сөйлеу дағдыларын оқыту мен тәрбиелеудің жағдайлары
бірдей болған күнде де біркелкі түрде меңгермейді. Авторлар алалияны
түзетудің әртүрлі мерзімін атайды: біреулері бірнеше ай жеткілікті десе
(Либманн, 1924), басқалары жұмыс жылдар бойы жүргізілуі тиіс және де
болжам айту қиын дейді (М. В. Богданов-Березовский, 1909). В. К.
Орфинская мен Л. В. Мелехованың пікірі бойынша, жұмыстың басталу
мерзімі және ұзақтығы туралы мәселе, сөйлеу тілінің дамымауының
сипатына және деңгейіне, баланың жеке ерекшеліктеріне қарай және басқа
факторларды ескеріп, әрбір жағдайда жеке шешілуі қажет.
Жұмысты бастауға ең жағымды жас, ол 3-4 жас, балада білім алуға
деген құштарлығы пайда болады, жұмысқа қажетті белсенділік, саналылық,
қызығушылық, сын көзбен қараушылық кезі басталады.
Алалияда жағымды динамика келесі факторлады ескергенде айқындалады:
сөйлеу тілінің дамымауын ерте анықтау, екінші реттегі ауытқулардың
уақытылы алдын алу, қалыпты онтогенезді ескеру, лексика-грамматикалық
жағының жетілмеуін ескеріп сөйлеу тілінің барлық компоненттеріне жүйелі
түрде әсер ету, балаларға дифференциалды түрде қарау, сөйлеу тілін
қалыптастырумен қатар сенсорлы-интеллектуальды және аффективті- ерік
аясына әсер ету, сөйлеу процестерін, ойлауын және таным белсенділігін
бірге қалыптастыру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: